Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 24/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 2947 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12/44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 13.05.2015 № 12/44 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сәтбаев қаласының әкімі

Ә.С. Омар


Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2014 жылдың 19 желтоқсанындағы
№ 24/06 қаулысымен
бекітілген

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы»қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді және қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін базалық мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттердің мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жа = Рбм х S х Кү х Кт х Кик х Ко х Кқт х Кұқн,
      мұнда:
      Жа – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбм – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кү – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кт – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кик – инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
      Ко – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқт – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жа = Қ х Nam/100 х Кт,
      мұнда:
      Жа - жылына жабдықтар, көлік құралдары және өзге де тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Қ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 120 бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде).
      4. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жс = Жа/12/К/24,
      мұнда:
      Жс – сағатына, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандары, жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Жа – жылына, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандары, жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      12 – жылдағы айдың саны;
      24 – тәуліктегі сағаттың саны;
      К – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
 


Қалалық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу
қағидаларына қосымша

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі және мөлшерлері

      Базалық мөлшерлеменің мөлшерлері – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
 
 


р/р
 

Коэффициенттер түрі
 

Коэффициент мөлшері
 

1
 

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кү):
 

1.1 ғимарат
 

1,0
 

1.2 спорттық ғимарат (стадион, спорттық зал, спорттық алаң)
 

0,7
 

1.3 басқа құрылғылар (ғимараттар)
 

0,9
 

2
 

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кт):
 


2.1 жер үсті қабатында орналасқан үй - жай
 

1,0
 

2.2 үй асты (жартылай жертөле) қабатындағы үй-жай
 

0,9
 

2.3 жертөле қабатындағы үй-жай
 

0,8
 

2.4 басқа (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия және басқалары)
 

0,7
 

3
 

Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент(Кик):
 


3.1 барлық инженерлік-коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау, және кәріз)
коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1 азаяды
 

1,0
 

4
 

Аумақтық орналасуды ескеретін коэффициент (Ко):
 


4.1 Сәтбаев қаласы
 

1,5
 

4.2 Сәтбаев қаласының өндірістік аймағы
 

1,0
 

4.3 Жезқазған кенті, ауыл, елді мекендер
 

0,5
 

5
 

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқт):
 


5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы ұлттық почта операторы, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін
 

2,5
 

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
 

3,0
 

5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін, сату автоматтарын ұйымдастыру үшін
 

2,5
 

5.4 қоғамдық тамақтануды (асхана, буфеттер) ұйымдастыру үшін
 

1,5
 

5.5 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды (асхана, буфеттер) ұйымдастыру үшін
 

0,5
 

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында және іс-шараларды қызметтерді (қызмет) ұйымдастыру үшін
 

1,0
 

5.7 ұялы байланыс, интернет желілері саласында (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа) қызметтерді ұйымдастыру үшін
 

5,0
 


5.8 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
 

2,0
 

6
 

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):
 


6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 

0,5
 

6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруалар қожалықтары үшін
 

0,9
 

6.3 жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі Сәтбаев қаласының әкімдігіне тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін*
 

1,0
 

6.4 қалғандары үшін
 

1,0
 


      * акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады