Дальний ауылдық округінің Қызылтас ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 47/02 қаулысы

      Қазақсатан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасының негізінде және Осакаров ауданы мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бас инспекторы Мұратбек Жақыпбайұлы Бейсенбековтың 2015 жылдың 8 қыркүйегіндегі № 02-29/788 ұсынысы негізінде, Қызылтас ауылдық аумағында құтырма ошағын жою бойынша ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар комплексінің өтуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Дальний ауылдық округінің Қызылтас ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
      2. Осакаров аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 33/02 "Дальний ауылдық округінің Қызылтас ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 26 маусымдағы № 3302, болып тіркелген 2015 жылғы 4 шілдедегі № 27 (7459) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Ламбеков

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________М. Бейсенбеков

      2015 жылдың 15 қыркүйектегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады