Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 34/01 "Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 54/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес, Қарағанды облысы әділет департаментінің 2015 жылғы 2 қазандағы шығыс № 8-3/3739 хаты негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 34/01 "Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3319 болып тіркелді, 2015 жылғы 18 шілдедегі № 29 (7461) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Н. Ламбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады