Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 10-11-481 хатын орындау мақсатында Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Өмірзақ ауылының шекарасын өзгерту туралы" 2008 жылғы 16 шілдедегі Ақтау қаласы әкімдігінің № 709 және Ақтау қалалық мәслихатының № 10/103 бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 05 тамыздағы № 11-1-90 болып тіркелген және 2008 жылғы 12 тамыздағы № 124 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
Қала әкімі | Е.Жаңбыршин |