Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту туралы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 423 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-l-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту туралы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті осы бұйрықтың көшірмесін заңнамада белгіленген тәртіппен мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялануын және бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы  
№ 423 бұйрығына қосымша 

Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту туралы күші жойылған
кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. «Статистика саласындағы біліктіліктердің салалық шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 335 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9128 болып тіркелді. «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 22 қазанда № 206 (28429) жарияланды);
      2. «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 5/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9187 болып тіркелді);
      3. «Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 34/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9237 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (28365) жарияланды};
      4. «Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9480 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 маусымда жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых приказов об утверждении отраслевых рамок квалификаций

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 июня 2015 года № 423

      В соответствии со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы об утверждении отраслевых рамок квалификаций согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту регулирования торговой деятельности Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить официальное опубликование в периодических печатных изданиях и направить в течение пяти календарных дней копию настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня подписания.

      Министр
      национальной экономики
      Республики Казахстан                       Е. Досаев

Приложение      
к приказу Министра  
национальной экономики
Республики Казахстан 
от 8 июня 2015 года № 423

Перечень
утративших силу некоторых приказов
об утверждении отраслевых рамок квалификаций

      1. Приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 28 декабря 2013 года № 335 «Об утверждении отраслевой рамки квалификаций в сфере статистики» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 9128, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 22 октября 2014 года № 206 (27827));
      2. Приказ Министра регионального развития Республики Казахстан от 14 января 2014 года № 5/ОД «Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере строительства и жилищно-коммунального хозяйства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 9187);
      3. Приказ Министра регионального развития Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 34/ОД «Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере геодезии и картографии, землеустройства, кадастра» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 9237, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 23 июля 2014 года № 141 (27762));
      4. Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 30 апреля 2014 года № 120 «Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 9480, опубликованный 27 июня 2014 года в информационно-правовой системе «Әділет»).