Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 34/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 наурызда № 9237 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 423 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2015 № 423 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса ұсынылған Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) осы бұйрықты заңнама түрінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізіп, ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 13 ақпандағы 
№ 34/НҚ бұйрығымен    
бекітілді        

Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр
салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

1. Жалпы ережелер

      1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).
      2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саламамандарының біліктілігінің сәйкестігі мен берілгендігін растайтын жүйеге негіз болып табылады.
      3. СБШ-да салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық жағынан сипаттамасы келтіріледі.
      4. СБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, азаматтарға, жұмысшыларға, қоғамдық ұйымдарға) арналған және:
      1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
      2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;
      3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.
      5. СБШ біліктіліктерінде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
      2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
      3) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      4) құзыреттер – белгіленген біліктілік деңгейінің кәсіби қызметінде міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін субъекті қызметінің сапасы;
      5) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім және білік.
      6. СБШ 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша рәсімделген шеңберлік құрылымды ұсынады.
      СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларынан сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірі (кез келгеннің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дауының беймәлімдігі дәрежесі. Бұл көрсеткіш кешенді болып табылады. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгеннің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметтердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және оның мынадай негізгі үш дәрежесі бар:
      басшылықтың қолданыстағы қызметі;
      қызметті өз бетінше орындау;
      басқаларды басқару.
      Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
      7. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      8. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және (немесе) практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелерінің ішінде жүргізілетін болады.
      Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшада көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.

Геодезия және картография,
жерге орналастыру, кадастр
салаларындағы біліктілік 
шеңберіне         
1-қосымша         

Геодезия және картография, жерге орналастыру,
кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

Біліктілік деңгейі

Білім

Білік пен дағдылар

Жеке және кәсіби құзыреттер

1

2

3

4

1

1) Нұсқау немесе жұмыс орнында оқыту үдерісі кезінде алынған геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр және нақты құрылымдық тармақша салаларындағы еңбек пәні туралы базалық жалпы білімі.
2) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында белгілі бір қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім.

1) Белгілі жағдаятта стандартты практикалық тапсырмаларды орындау.
Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр қызметінің белгілі бір саласындағы қарапайым міндеттерді орындауға арналған базалық дағдылардың шектелген көлемін пайдалануы мүмкін. Қауіпсіздік техникасы мен денсаулықты қорғау талаптарын, қағидаларын, нормаларын, сондай-ақ белгілі бір міндеттерге қатысты құқықтық міндеттерді білу.
2) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы қызметінде жұмыс жағдаяттарының шарттарына сәйкес өзінің іс-әрекетін түзете білу.

1) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
2) Тікелей бақылаудың және/немесе басқарудың астында тапсырмаларды орындау қажеттіліктерін түсіну.

2

1) Кәсіби даярлау процесінде және/ немесе өз бетінше алған білімі.
2) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр және нақты құрылымдық тармақшалардағы негізі және қарапайым аспаптарды, жабдықтарды, жұмыс процестерінің рәсімдерін білу.

1) Стандартты және біртекті практикалық тапсырмаларды шешу және оның нәтижелеріне қол жеткізу.
2) Нұсқаулықта берілген алгоритм бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау және жұмыс жағдаяттарының шарттарына сәйкес іс-әрекетті түзету.
Қарапайым өндірістік жағдаяттарда өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету іс-әрекеті дағдыларын таныстыра отырып, күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындау үшін негізгі практикалық және танымдық дағдыларды қолдана білу.

1) Өз бетінше және /немесе тікелей басшылықпен негізгі практикалық және танымдық дағыдыларды қолданумен бірге стандартты және біртекті практикалық тапсырмаларды шешу.
2) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында белгілі міндеттер шеңберінде жұмыстың нәтижесі мен сапасын қамтамасыз ету.
3) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.

3

1) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастрдың нақты түрлері салаларында кәсіби даярлау процесінде және өз бетінше алған практикаға бағдарланған кәсіби білім.
2) Еңбек қызметінде пайдаланатын аспаптарды, жабдықтар мен материалдарды пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсетудің, орнын ауыстырудың, сақтаудың және жинаудың негізгі қағидаттарын білу.
3) Еңбек қызметі өнімдері және басқа да материалдармен жұмыс істеу ережелерін және талаптарын білу. Еңбекті жоспарлау мен ұйымдастыру, затты қайта өңдеу технологиясын білу. Сапаға бақылау жасау рәсімдерін және құжаттарды жүргізу рәсімдерін білу.

1) Өз бетінше еңбек қызметінің белгілі бір саласында жеке жоспарлау, оның нәтижелерін орындау және бағалау контекстінде стандартты және біртекті практикалық тапсырмаларды шешу.
Жұмысты жоспарлармен салыстыра алу, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді және алынған нәтижесінің сапа нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ете алу.
2) Білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі іс-әрекет тәсілдерін таңдау және алынған нәтижелерді ескере отырып, қызметті түзету.
Қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бағалау, анықтау, ұйымдастыру және әсерлердің түзеуіне қатысты дағдыларды көрсету. Өз бетінше өлшемдер әдістер, бағалау принциптер, еңбек заты және құралдар, қойылған міндетті орындау әдістерін анықтау.

1) Белгіленген нәтижелерге өз бетінше қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды, уақытты бағалау мен анықтау.
2) Жұмыс процесін жоспарлауды қамтитын орындаушылық қызметін түсіну.
Нормадан ауытқу жағдайында кәсіби қызмет процесстерін жақсарту үшін идеялар ұсыну.
Басшылықпен еңбектік қатынастарды қолдау және оған есептік деректерді ұсыну.
3) Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.

4

1) Кәсіби дайындық процесінде және/немесе өз бетінше алған практикалық тәжірибесі негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім.
Кәсіби дайындық үдерісі немесе өз бетінше алған практикалық тәжірибесі негізіндегі іс-әрекетіннің жүзеге асырылуы, білімі
2) Геодезия және картогрфия, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы кең контекстінде пайдаланылатын негізгі жабдық, материалдар, оларды қолдануды үйлестіруді қоса алғанда, құрал-саймандар мен жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, орнын ауыстыру және сақтау қағидаттарын білу.
Жерге орналастыруда, кадастрдегі пайдалану принциптерінде, техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын негізгі құрал мен саймандарды білу және құрал-жабдықтарды және материалдарды ауыстырып, пайдалана алу.
Жұмыс үдерістері, шараларды бақылау, құжаттама сапасы мен есепке алу бойынша білімнің кең спектріне ие.
3) Кәсіби мәселелердің принциптері мен оны қою, шешімін табу жолдарын, этика мен психология қарым-қатынасындағы нормаларды, еңбек етуге мотивация жасау және ынталандыру жолдарын, заң нормаларын білу.

1) Жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін өз бетінше талдауды талап ететін әртүрлі типтегі практикалық тапсырмаларды шешу. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өз бетінше жоспарлауда, орындауда және жұмыс процестері мен жұмыс нәтижелерін бағалауда бірқатар практикалық және танымдық дағдыларды қолдана алу.
2) Қызметтерді жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау. Алған тапсырманы нақтылау, жұмыс барысын ескеру және жоспармен салыстыру, жұмыс нәтижелерінің сапа нормаларына сәйкестігін бақылау, білім мен дағдылардың жетіспеушілігін анықтау, кәсіби шеберлікті арттыруға ынталандыру.
3) Ағымдағы қорытынды бақылау және қызметті түзету. Белгілі қызметтің әр түрлі жұмыс фазаларын айқындау, мониторинг процесі, сапаны анықтау және бағалау бойынша көзделетін нәтижелерге қол жеткізуге, талап етілетін ресурстарды табуға және толық жұмыс процессінің жұмыстарын орындау үшін қажетті уақытты есептеуге қабілетті. Білімді беруді қолдануға негізделген стандартты рәсімдерден ауытқу кезінде пайда болатын проблемаларды шешу.

1) Алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және қызметті жоспарлау.
Белгілі міндеттерді өз бетінше қарастыру.
Алдын-ала белгіленген талаптарға сәйкес өндірістік деректерді басшылыққа құжат ретінде ұсына отырып, жұмыс процестерінің нәтижелерін бағалайды.
Белгіленген сала деңгейінде еңбек қызметін анықтайды және жағдай талап етіп отырғандықтан басқа да жұмысшылармен баламалы іс-әрекетті және өзара іс-қимылды тікелей басшылықпен келіседі.
2) Басқалардың іс-әрекетінің нәтижесіне, басқа жұмысшылардың жұмысына басшылық ету. Жалпы жұмыстар жоспарын негізге ала отырып, жұмысшылар топтарына арналған қысқа мерзімді жұмыс жоспарларын әзірлеуге қабілетті. Өз біліктілігін арттыру және басқа жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыру.
Басшылықпен жұмыстың барысы мен нәтижесін қамтамасыз ету. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.

5

1) Кәсіби (практикалық және теориялық) білім мен практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). Кәсіби қызметтің шеңберінде жүйелі талдау және кәсіби жағдаяттарды жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімді қабылдау тәсілдері, адами ресурстарды басқару, нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білімді игеру.
2) Кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.
Бірқатар міндеттерді анықтау және жоспарлаудың негізгі процестерін ескеру, және жұмыс процесстеріндегі жоспарларды өзгерту.

1) Әртүрлі шешу тәсілдерін болжайтын практикалық тапсырмаларды шешу және таңдау. Ұжымдық жұмыс контексінде стратегиялық жоспарлауда практикалық және танымдық дағдыларды қолдана алу, жұмысты бағалау, жағдаятты талдау, өз бетінше талдау, шешім қабылдау және оны іске асыру үшін жағдай жасау, қызметті бақылау және түзеу. Кәсіптік қызмет шеңберіңде құжаттау рәсімін жүргізу және есепке алу.
2) Шығармашылық тәсіл (немесе білік пен дағды) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, оның ішінде теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, кәсіби проблемаларды шешудің баламалы нұсқаларын өз бетінше әзірлеу.
Өндірістік процеске, жұмыс процесі мен сапаны бақылауға, шығыстарды бюджеттеуді өткізуде, құжаттамалар мен бухгалтерлік есепті жүргізуде басқарушылық жоспарларын шешудің әртүрлі баламалы нұсқаларын әзірлеу және ұсыну.
3) Ағымдағы және қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету. Мұқият ресурстық жоспарлау, мониторингілеу, сапаны анықтау және бағалау жолымен болжамды нәтижелерге қол жеткізе алу. Тапсырылған нормадан ауытқыған жағдайда шешім қабылдау; өзгерістерді басқару, проблеманы шешу және балама шешімдерді табу мақсатында жұмысты қайта ұйымдастыра алу.

1) Технологиялық процестің нақты учаскесінде олардың әрекетінің нәтижесін қамтамасыз ету және бір топ қызметкерлерді басқару. Жұмыс барысын бақылай отырып, еңбек ресурстарын бөлу, нақты және нәтижелі нұсқаулар беру.
Алдын ала әзірленген жоспарларға, сапа нормаларына сәйкестігін, жұмысты орындау кестесін және қаржылық сметасын жоспармен салыстыру, жұмыстың барысын тексеру. Жұмысшылардың техникалық дайындығына қатысу.
Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.
Баламалы жоспарларды қолдану және егер нәтижелер алу үшін бұл талап етілетін болса, басқа өндірістік бөлімдермен келісу.
2) Стратегия, саясат және ұйымдастыру мақсаты шеңберінде еңбек және оқу қызметі үдерісін өз бетінше басқару және бақылау, проблемаларды талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратты сауатты басқару мүмкіндігі. Қорытындыларды дәлелдей отырып, еңбек қызметі процестерін басқару және бақылау.
Кәсіби қызметтер рәсімдерін құжаттау және тапсырыс беруші мен мүдделі тұлғаның талаптарын назарға ала отырып, алдын ала белгіленген нормаларға сәйкес нәтижелерді бағалау. Жоғары тұрған басшылыққа өндірістік деректер мен шығындарды ұсыну және түсіндіру.

6

1) Арнайы (теориялық және практикалық) білім мен практикалық тәжірибенің (оның ішінде инновациялық) синтезін талап ететін қызмет. Жобалауды талдау және биік екіұштылықта кәсіптік жағдайларда шешімдер қабылдауды бағалау. Коммуникациялар тәсілдерін анықтау және көзқарасын келісу. Кәсіби қызметтің белгілі бір саласында еңбек қызметін орындау үшін талап етілетін табиғатты, қолданушылықты қаржылық салдарларды, технологогиялық, материалдық және адами ресурстарды түсіну қажет. Қызметтің осы түріне тән тәуекелді түсіну, оларды бақылай және мейілінше азайта алуы мүмкін.

1) Шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын белгілі бір білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу;
2) Технологиялық үрдістердің компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету. Жобалаудың дағдылары мен білімдерін көрсете отырып, кешенді техникалық және кәсіби тапсырмаларды немесе жобаларды орындау, жоғары белгісіздіктің әлеуметтік кәсіби жағдаяттарында шешімдер қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, ресімдеу, нәтижелердің таныстырылымы, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану.
3) Жаңа білімді дамыту және түрлі саладағы білімді кіріктіру рәсімі бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру дағдылары мен білігі, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс және қисынды ресімдеу, нақты саладағы теориялық білімін іс жүзінде пайдалану.
Кәсіби қызметте жан-жақты білімін, техникалық және құқықтық принциптерін, сондай-ақ бірқатар басқарушылық әдістері мен принциптерін қолдана алу.

1) Технологиялық процестің нақты учаскесінде немесе бөлімше дейгейінде нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару. Жекелеген қызметкерлер немесе команданың кәсіби дамуын басқару.
2) Тапсырылған учаскедегі жұмысты басқа учаскелердің қызметімен келісу. Бөлімшенің қызметтік стратегиясы шеңберінде жаңа формаларын енгізу. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларында жұмыстарды өндіру кезінде, қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік шараларын сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.
3) Кәсіби қызметте шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіби білімді дамытуға және кәсіби қызмет нәтижесі үшін жауапкершілікті қабылдау. Іскерлік жоспарлауды өткізу және кәсіби қызметті басқару және ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және адами ресурстарды бөлу.
Қызметкерлердің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдау. Түпкі нәтижеге бағдарланған жаңа әдістермен тәсілдерді меңгеру.

7

1) Кәсіби немесе ғылыми білімді (оның ішінде инновациялық) және белгілі салада және/немесе сала торабындағы тәжірибені синтездеу. Орындауға тар мамандандырылған кәсіби қызметтер тиісті технологиялық, заттық және адамгершілік қорлардың табиғат қолданысындағы қаржы зардаптарын түсіну. Кәсіби ақпараттарды бағалау және іріктеу, белгілі бір салада қолданбалы сипаттағы жаңа білімді қалыптастыру. Қалай өлшеуді, мейілінше азайтуды және тәуекелді қалай басқаруды түсіну.

1) Жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық және әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу.
2) Бөлімші ұйымының қызметін түзету. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларының міндеттерін орындау үшін ағымдағы зерттеулер және әзірлеулер орындауға қабілетті.
3) Мақсат қоюды ғылыми негіздеу және оларға қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау білігі мен дағдысы. Шарттарды ұйымдастыру, сала құрылымдарын дамыту және стратегияларын жасауды болжауда және нәтиже жетістігіне жауапкершілік.

1) Бөлімше немесе ұйым деңгейінде олардың әрекетінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді топты басқару.
2) Бөлімше немесе ұйым қызметінің стратегиясын айқындау. Институциялдық құрылым бөлімшелері қызметтерін ұйымдастыру. Басқару рәсімдерін, саланың дамуын және жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеу. Қызмет стратегияларын тұжырымдамаларды құрастыру әдістерін, инновациялық амалдарды қолдану мәселесін және есептерді анықтау.

8

1) Ғылыми немесе кәсіби қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім. Кәсіби қызметте ғылыми рубежі бойынша аталған саланың озық межесіндегі жаңа күрделі идеяларды өлшемді талдау, бағалау және синтездеу үшін арнайы білімді пайдалану.
2) Қызметтің дамуына қажет ақпараттарды бағалау және іріктеу. Инновациялық кәсіби қызмет саласындағы әдістемелік білім. Әлеуметтік және экономикалық жағдай жүйелерімен қызметтер және өзара әрекеттесулер, пішіндеу және басқару кооперативтік жүйелер құрастыруларының табиғатын түсіну.

1) Жаңа білім мен шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, бейімдеу және іске асыру. Алға басқан зерттеулерді қолдану, орындау және соңғы нәтижеге бағдарланған өзара тиімді шешімдерді анықтау және қабылдау үшін мамандандырылған технологияларды қолдану.
2) Синтездеу мен бағалауды қоса алғанда, зертеулердегі жаңалықтарды, сыни проблемаларды шешу үшін қажетті кәсіптік білім, кәсіптік тәжрибені қайта қарайтын оны жаңғыртуға мүмкіндік беретін озық дағдымен білім. Терең білім мен дағдылар қолданылады, өзара тиімді шешімдер стратегиялық ойлау, логикалық әдістер, инновациялық технологиялар қолдану.
3) Ауызша немесе жазбаша түрде кәсіби дискуссияларға қатысу, сондай-ақ халықаралық академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жинақтау. Салада шеберлер өзара әрекеттесулер үлгілерін құрастыруларды жүзеге асыру немесе халықаралық инновациялық стандарттардан басқа салалармен қолдану.
4) Идеялар ойлап табу, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжау, кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру, күрделі өндірстік және ғылыми процесстерді басқару дағдылары. Кәсіби және әлеуметтік салада ірі көлемді өзгерістер жүзеге асырылып жатыр және күрделі өндірістік және ғылыми процесстермен басқарылып жатыр.

1) Ірі институциялдық құрылым деңгейінде қызметті ұйымдастыру, стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті басқару (оның ішінде инновациялық басқару). Мемлекеттік масштаб салалары, институциялдық құрылымдардың жұмыстары және даму стратегияларының жасалуы болжануда.
2) Стратегияны айқындау, күрделі әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процесстерді басқару. Саладағы ұйымдарға басқаруға және дамытуға инновациялық тұрғылардың стратегиялық сұрақтардың әзірленуі жүйелі түрде жоспарланып жатыр. Халықаралық деңгейде мемлекет, сала масштабы шешімін қамтамасыз ету. Өзара байланыста проблемаларды шешуді талап ететін жаңа контекстерде еңбек және оқу қызметтерінде жаңашылдықпен дербестік, маңызды көшбасшылық қасиетті көрсету.
4) Жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу және осы процесстер негізінде стратегиялық шешімдір қабылдау.
5) Күрделі ортада стратегиялық шешімдер қабылдау қабілетімен операциялық әрекеттестік тәжірибесін көрсету.
6) Сыни диалог шеңберінде мәртебесі бойынша тең мамандармен беделді араласу. Салада халықаралық көлемде ұйымдарға стратегиялық бағыттау туралы шешімдер қабылдау керек. Нәтижеге жету үшін жағдай жасау, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауды және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету.

Геодезия және картография,
жерге орналастыру, кадастр
салаларындағы салалық   
біліктілік шеңберіне   
2-қосымша          

Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Біліктілік деңгейі

Тиісті деңгейдегі біліктілікке қол жеткізу жолдары

1

Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді курста оқыту (нұсқау) немесе бастауыш білімнен төмен емес орта білімі болған кездегі қысқа мерзімді курстар

2

Практикалық тәжірибе және/немесе орта білімнен төмен емес жалпы орта білімі бар ересектерді кәсіби дярлау (білім беру ұйымдарының негізінде қысқа мерзімді курстармен немесе корпоративті қайта даярлау.

3

Практикалық тәжірибе және/немесе орта білім немесе орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білімі бар ересектерді кәсіби дярлау (білім беру ұйымдарының негізінде бір жылға дейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

4

Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіптік білім қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе.

5

Техникалық және кәсіптік орта білім (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғарғы білім.

6

Жоғарғы білім, практикалық тәжірибе

7

Жоғарғы білім (магистратура), практикалық тәжірибе, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе.

8

Жоғарғы білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. Осы біліктілік деңгейінде жоғары білім 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданға дейін алынған жоғары білімді, сондай-ақ осы заңда белгіленген білім деңгейіне сәйкес айқындалған жоғары білімнен кейінгі білімді қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады