Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 2389 "2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 2747 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 2389 "2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, "Наш Костанай" газетінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Р.Х. Каркеновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Әкім                                       Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады