2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерiн және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 2389 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 5872 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 2747 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 05.10.2015 № 2747 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 9 шілдеден 10 шілдеге дейін субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдері айқындалсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Әкімнің
      міндетін атқарушы                          Қ. Сәндібеков

Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі 
№ 2389 қаулысына косымша 

2015 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi
бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Себу мерзiмдерi

1.

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан 12 маусымға дейiн

2.

Жаздық қатты бидай және соя

18 мамырдан 5 маусымға дейiн

3.

Күздік бидай және күздік қара бидай

25 тамыздан 10 қыркүйекке дейiн

4.

Сұлы және арпа

15 мамырдан 15 маусымға дейiн

5.

Тары және қарақұмық

20 мамырдан 15 маусымға дейiн

6

Бұршақ тұқымдастар

15 мамырдан 10 маусымға дейiн

7.

Күнбағыс

10 мамырдан 5 маусымға дейiн

8.

Рапс

20 мамырдан 8 маусымға дейiн

9.

Мақсары

10 мамырдан 2 маусымға дейiн

10.

Зығыр

12 мамырдан 5 маусымға дейiн

11.

Қыша

22 мамырдан 8 маусымға дейiн

12.

Арыш

жазғы – 18 мамырдан 8 маусымға дейiн,
күзгі – 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейiн

13.

Бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға дейiн

14.

Жемшөп (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөбі), 1-3 өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер және шабындық жерлерді шалғындандыру үшін (түпкілікті жақсарту үшін) егілген бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық шөптер

бірінші мерзім – 1 мамырдан 10 маусымға дейiн,
екінші мерзім – 5 шілдеден 31 тамызға дейін

15.

Сүрлемдік жүгері, күнбағыс және суармалы күнбағыс

15 мамырдан 5 маусымға дейiн

16.

Көкөніс және тамшылатып суарылатын көкөністер

25 сәуірден 15 маусымға дейiн

17.

Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер

көшет алу үшін – 10 наурыздан 30 наурызға дейін

18.

Картоп және тамшылатып суарылатын картоп

5 мамырдан 10 маусымға дейiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады