Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 8 бабының 37 тармағына сәйкес және қазіргі заңнамаға сәйкестендіру мақсатында ШЕШТІМ:
1. Қала әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2011 жылғы 14 қарашадағы № 7 "Арқалық қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 қарашада № 9-3-155 тіркелген, 2011 жылғы 23 қарашада "Арқалық хабары" газетінде жарияланған);
2014 жылғы 26 ақпандағы № 4 "2011 жылғы 14 қарашадағы № 7 "Арқалық қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 наурызда № 4516 тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Арқалық хабары" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Бекмұхамедов