Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 22-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 101 «Денисов ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдедегі «Наше время» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қаулының жойылғаны туралы хабарлансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Жаманов