"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін, лауазымдық еңбекақы мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайыздан кем емес мөлшерде көтеруге құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қарашадағы № 528 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-95 тіркелді, "Көзқарас - Взгляд" газетінде 2009 жылдың 9 қаңтарында жарияланды).
Аудан әкімі Т. Исабаев