Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 10.06.2015 № 317 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін және жиырма бес пайыздан төмен емес жоғары лауазымдық жалақыларына және 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік мөлшеріне құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі анықталсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Г.Тюркин
Әкімдіктің
2008 жылғы 10 қарашадағы
№ 528 қаулысына қосымша
Білім мамандары лауазымдарының тізбесі
1) барлық мамандықтарының мұғалімдері;
2) мектеп директорлары;
3) қосымша білім беру мектеп тыс ұйымның директоры;
4) мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
5) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік, тәрбие жұмысы, көрініс оқыту жөнінде, жалпы білім мектептерінің (мектептер, гимназиялар) ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары;
6) әлеуметтік педагог;
7) ұйымдастырушы педагог;
8) қосымша білім беру педагогы;
9) педагог-психолог;
10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
11) музыкалық басшы;
12) аға вожатый;
13) дене шынықтыру жөніндегі инструктор;
14) психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
15) лагерьдің бастығы (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс);
16) оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;
17) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
18) еңбек бойынша инструктор;
19) логопед – мұғалім;
20) дефектолог – мұғалім;
21) интернат меңгерушісі;
22) мәдени ұйымдастырушы;
23) әдіскерлер;
24) өндірістік оқыту шебері;
25) аккомпаниатор;
26) концертмейстер;
27) студия, клуб жетекшілері:
28) медициналық бикеш;
29) диеталы бикеш;
30) кітапханашы;
31) кітапхана меңгерушісі;
32) дәрігер;
33) жаттықтырушы – оқытушы;
34) алғашқы әскери дайындық жөнінде оқытушы;
35) хореограф.
Мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1) директор;
2) директордың орынбасары;
3) бөлімшенің жетекшісі;
4) әдіскерлер;
5) суретші – көркемдеуші;
6) музыкалық жетекші;
7) үйірме жетекші;
8) аға мәдени ұйымдастырушы, мәдени ұйымдастырушы;
9) аккомпаниатор;
10) кітапханашы;
11) библиограф;
12) демалыс жұмысының мамандары;
13) хореограф.
Халықты әлеуметтік қорғау
мамандарының лауазымдық тізбесі
1) әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
2) қарау бойынша әлеуметтік қызметші;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.