Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 421 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 87 қаулысы

        "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 421 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсанда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады