Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 421 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 5223 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 27.04.2015 № 87 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындаулын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Жақаев

Әкімдіктің       
2014 жылғы 14 қарашадағы 
№ 421 қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу
қағидалары

      Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
      Жа = Бм *К1 2 *S, мұндағы:
      Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
      Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:

Аумақтық аймақ

К1

Меңдіқара ауданы

1,6

      Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:

Құрылыс түрi

К2

Жеке тұрған

1

Қосымша салынған

1

Жартылай жертөле

0,85

Жертөле

0,70

Қоймалық

0,60

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
      Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
      Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
      БҚ - баланстық құны;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн:
      Ж = S* Бм *К12/ЖУ*N, мұндағы:
      Ж – жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - ауданы (шаршы метр);
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.
      құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн:
      Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
      Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) алу үшiн жылдық жалдау ақысы;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады