Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 -бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШТІ:
1. Федоров ауданы Қосарал селолық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қосарал селолық округінің Төрағаш селосының құрамдас бөліктердің атауы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркелу тізілімінде 9-20-89 нөмірімен тіркелген "Федоровские новости" газетінде 2009 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) № 22 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Федоров ауданы Қосарал селолық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қосарал селолық округінің Төрағаш селосының құрамдас бөліктердің атауы туралы" № 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 4851 тіркелген "Федоровские новости" газетінде 2014 жылғы 10 шілдеде жарияланған) Қосарал ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қосарал ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы бас маман А. Байкадамова