"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 402 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-129-1-баптары және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9468 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаменті (М.Ә. Жақсыбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК және мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы ақпаратты орналастыруды және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастауды қамтамасыз етсін.

      Министр                                          А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады