"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылы 23 мамырда № 9468 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 402 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2015 № 402 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы  министрлігінің Мәдениет  өнер істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
      3. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрі                                        А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 37 бұйрығымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және
өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негізгі міндеттері мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің келісімі бойынша жауапты хатшы бекітеді.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
      7. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитет!» мемлекеттік мекемесі.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      11. Комитет:
      1) кинематография және театр өнері басқармасынан;
      2) музыка өнері басқармасынан;
      3) тарихи - мәдени мұра басқармасынан;
      4) әкімшілік жұмыс басқармасынан;
      5) жоспарлау және бюджеттік орындау басқармасынан тұрады.
      12. Комитет келесі мемлекеттік ұйымдарды басқаруды жүзеге
асыратын орган болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ежелгі Таразескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      6) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      7) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      8) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      9) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      10) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Комитет келесі мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      6) Қазақстан Республикасы Мэдениет министрлігінің «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      7) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      8) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      10) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      11) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      12) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      13) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      14) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      16) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      17) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      18) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      19) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      20) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      21) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      22) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. Комитет акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысту үлестеріне) иелік ету және оны пайдалану құқықтары Министрлікке тиесілі келесі заңды тұлғалармен басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады:
      1) «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы;
      2) «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы;
      3) «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы;
      4) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      5) «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      6) «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2. Комитеттің функциялары

      15. Комитет заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды іске асыру;
      3) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
      4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
      5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және күтіп ұсталу тәртібін бақылау;
      6) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау;
      7) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      8) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау;
      9) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруін бақылау;
      10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
      12) Министрліктің стратегиялық жоспарларына, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілері салаларындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға ұсыныстар енгізу;
      13) мәдениет сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      14) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
      15) объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау;
      16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      17) Министрлікке мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
      18) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізу;
      19) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық(республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестиальдерді өткізу;
      20) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізудің үлгілік ережелерін әзірлеуге қатысу;
      21) дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
      23) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысу;
      24) бағынысты ұйымдардың басшыларын аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу;
      25) республикалық мәдениет ұйымдарының аттестаттауын өтізу;
      26) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
      27) халықаралық мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      28) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатын үйлестіру;
      29) фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      30) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;
      31) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстарды қалыптастыру;
      32) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;
      33) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының ұсыныстарын қарастыру;
      34) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
      35) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде ұсыныс енгізу;
      36) қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарланудың, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу;
      37) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру;
      38) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеуге қатысу;
      39) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіліміне ұсыныстар дайындау, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізілімін келісу;
      40) мәдениет саласында көркем-сараптамалық кеңестердің,сараптамалық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
      41) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      42) Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік және прогресс Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі комиссияның, тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру туралы қорытындыны әзірлеу жөніндегі арнайы комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
      43) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
      44) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларының әзірлеуіне қатысу;
      45) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      46) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
      47) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      48) мәдениет саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
      49) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық фильмдерін жасау;
      50) Комитеттің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
      51) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      52) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау;
      53) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
      54) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен қарастырылған өзге дефункцияларды жүзеге асыру.
      16. Комитеттің өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материал сұратуға және алуға;
      3) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге отырыстар өткізуге;
      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
      6) Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарға мемлекеттік басқару органы болуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      18. Комитет төрағасының Министрліктің Жауапты хатшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      19. Комитет төрағасы Комитетке басшылық етуді жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
      20. Комитет төрағасы:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
      2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді.
      4) жетекшілік ететін вице-министр, жауапты хатшының келісімімен Комитет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға бару мәселелерін шешеді;
      5) өз құзыреті шегінде Комитеттің, оларға қатысты Комитет басқару орган болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған
шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған
шараларға дербес жауапты болады;
      9) республикалық бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алу бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
      10) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      21. Төраға жұмыста болмаған жағдайда Комитет қызметінің жалпы басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын іске асыруға дербес жауапкершілікте болу Төраға орынбасарларының біріне жүктеледі.
      22. Комитеттің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бола алады. Алқаның сандық және жеке құрамын жетекшілік ететін вице-министрдің келісімі бойынша Төраға бекітеді.
      23. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.

4. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің же дел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі, оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
      25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады