Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы аумағында тұратын тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) әйелдер үшін елу жастан асқан және ерлер үшін елу бес жастан асқан тұлғалар;
3) ұзақ уақыт (он екі ай және бұдан да артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
5) дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулі тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Шәріпов |