1. "Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №136 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3177 тіркелді, 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 15 (578) "Қызылжар", 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 14 (5517) "Маяк" газеттерінде жарияланды).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |