Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 136 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3177 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы N 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 29.06.2015 N 308 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50–тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қарым-қатынасқа таралады.
      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №136 қаулысымен бекітілді

Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің Қағидасы

      1. Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға ) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50 – тармағына сәйкес әзірленді және Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің тәртібін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалардың аудандық коммуналдық теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің негізінде осы Қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес анықталады және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына аудандық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% көлемінде осы алаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
      Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес қор түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. № 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жалдаудың жылдық базалық мөлшерлемесі, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны; N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
      К1 - Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
      К2 - Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент
      4. Коэффициент кестеде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қабылданады.

  Қызылжар ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына № 1 қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) кезіндегі құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің көлемі

№ р/с
Базалық мөлшерлеме
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеме мөлшері
1
Ауданның елді мекендері
Сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептік көрсеткіші
№ р/с
Коэффициент түрлері
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс түрін ескеретін коэффициент (Қтк):
 
1.1 Кеңселік
1
1.2 Өндірістік
0,8
1.3 Қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 Спортғимараттары (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес қордың түрін ескеретін коэффициент
(Кк)
 
2.1 Жеке тұрған құрылыс
1
2.2 Жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
1
2.3 Астыңғы (жартылай жертөле)бөлігі
0,7
2.4Жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
3.1Барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
 
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ак):
 
4.1 аудан орталығы үшін
1
4.2 ауылдық елді мекендері үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент,
(Жқтк):
 
 
5.1 Брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3
 
5.2 Коммуникациялық қызметтер, соның ішінде байланысқызметтері, автоматтандырылған телефон станциялары, банктердің есептеу-кассалық орталықтары үшін
1,5
 
5.3 жаттығу залдарын, фитнес-клубтарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шеберханалар ұйымдастыру үшін
2
5.4 қоғамдық тамақтандыруды, қонақ үй қызметтерін, сауда немесе делдалдық сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін, дәріханалық пункттерін ұйымдастыру үшін
2,5
5.5 Оқу орындарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
0,5
5.6 білім, балалар мен жасөспрімдер үшін дене тәрбиесі және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызметтерді көрсету үшін ( оқушылар үшін мектептен тыс, үйірмелік, компьютерлік сыныптар)
1
5.7өндірістік қызметтер үшін
2
5.8 Гараж, қойма, сақтау камераларының бөлмесі үшін
2
 
5.9 Басқалары үшін
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастыру- құқықтық нысасын ескеретін коэффициент ( Жұқнк)
 
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
 
6.2жеке меншік нысандағы құрылымдар үшін (акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)
1,5
 
6.3 Қайырымдық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар үшін
0
6.5 барлық қалғандар үшін
1,0
 

  Қызылжар аудандының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидарына 2 қосымша

№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент, К1
 
 
Автокөлік құралдары;
-1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланғанда
- 5 жылдан артық пайдаланғанда
 
1,2
1,0
 
Жабдықтар
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланған кезде
- 7 жылдан артық пайдаланған кезде
 
1,2
1,0
2
пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент, К2
 
 
Автокөліктікқұралдар, жабдықтар
- аудан орталығы аумағында пайдаланылғанда
- ауданның басқааумақтарындапайдаланылғанда
 
1,4
1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады