Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі № 11-33с шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 21-1 бабы 8 тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Аудандық мәслихатымен қабылданған келесі шешімдер күші жойылды деп танылсын:
      1. "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы № 7-14 с "Уәлиханов ауданы бойынша төлемдердің жеке түрдегі мөлшерлемесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 2 тамыздағы № 7-23 с (2010 жылғы 25 тамыздағы № 13-13-128 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 6 қыркүйектегі "Кызылту" және 2010 жылғы 6 қыркүйектегі "Шұғыла" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2. "Уәлиханов ауданы бойынша төлемдердің жеке түрдегі мөлшерлемесі туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы № 7-14 с шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4-36 с (2012 жылғы 6 қаңтардағы № 13-13-152 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 12 наурыздағы "Нұрлы Ел" және 2012 жылғы 12 наурыздағы "Кызылту" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Кожанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Кәдіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады