"Уәлиханов ауданы бойынша төлемдердің жеке түрдегі мөлшерлемесі туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы N 7-14с шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 4-36с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қаңтарда N 13-13-152 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі N 11-33с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 02.07.2015 N 11-33с шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Уәлиханов ауданы бойынша төлемдердің жеке түрдегі мөлшерлемесі туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы № 7-14с (2009 жылғы 10 шілдедегі № 13-13-108 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 20 шідледегі "Шұғыла" және "Ел тынысы" газеттерінде жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін.
      Аталған шешімнің 4-қосымшасы осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын (қоса беріледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т.Оспанов
      Аудандық мәслихат
хатшысының м.а.
О. Жауаров
      КЕЛІСІЛГЕН:
"Уәлиханов ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Т. Колышпаев

  Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 4-36с шешіміне № 1-қосымша
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 маусымдағы
№ 7-14с шешіміне № 4-қосымша

Кейбір қызмет түрлеріне салық сомасының белгіленген мөлшерлемесі

Рет
N
Қызмет түрлері
Тiркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелi
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады