"Исатай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 87 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 қазандағы № 168 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабын басшылыққа алып Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Исатай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 87 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3219 тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Д. Есмұхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
М. Өтеғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады