1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVII сессиясының төрағасы |
Қ .Сакупов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жолмағамбетов |
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 326-V шешіміне қосымша |
Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 243-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2966 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда № 31 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).2. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 3073 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда № 2 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).
3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 287-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 272-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3169 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде № 16 "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).