Арыс қалалық мәслихаты шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 44/269-V шешімі

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38/224-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3143 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырдағы «Арыс ақиқаты» газетінің 20-санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. ««Арыс қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 41/254-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдедегі «Арыс ақиқаты» газетінің 30-санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы                            А.Жауынбаев

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады