Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Тіркелген салық ставкалары туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 136 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірде № 14-3-7 болып тіркелген, 2009 жылы 23 мамыр № 22 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы М. Күнпеисов
Қалалық мәслихатының
хатшысы К. Сырлыбаев