Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 136 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 сәуірде N 14-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 16.07.2015 № 245 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       К. Сырлыбаев     

      Қалалық мәслихатының хатшысы               Е. Аширов

      2009 жылғы 31 наурыздағы N 136
      Кентау қалалық мәслихаттың
      шешімімен бекітілген қосымша

      Тіркелген салық ставкалары



N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізуге арналған дербес компьютер

1

4

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады