«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 2-26-3/1941 хатына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38/206-V «Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2957 тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтардағы «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Тәженов
Қалалық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы М.Ибраим