"Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 794 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 904 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 794 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3278 тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есенбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж.Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады