"Мақтаарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 794 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 3278 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 14.08.2015 № 904 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Мақтаарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есенбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Ж.Бейсенбаев     

      Мақтарал ауданы әкімдігінің
      2015 жылғы 14 шілдедегі
      № 794 қаулысымен бекітілген

«Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің
      ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 12 үй.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) аудан аумағындағы тұрғындардың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен салттардың дамуына ықпал жасау, тарихи және мәдени мұраны сақтау;
      3) мемлекеттік тілді оқыту және енгізу жолымен ұлттық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілдін қолданылуын кеңейтуге жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
      3) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, аудан әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;
      2) «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекеме қызметiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына жария етiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Мақтарал ауданының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемеciнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      2) мемлекеттiк мекеменiң атынан әрекет етедi;
      3) сенiмхаттар бередi;
      4) заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза бередi;
      5) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, қызметтiк құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттiк мекеменiң iшкi еңбек тәртiбiн бекiтедi;
      7) мемлекеттiк мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерде көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi. 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. «Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі

      «Мақтаарал» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      «Мақтарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
      «Мақтарал ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      «Мақтарал ауданының әкімдігі «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Асықата мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады