«Дәрі-дәрмек өнімдеріне жатпайтын, құрамында прекурсорлары бар өнімнің Қазақстан Республикасына белгілі бір санын әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшін құжаттарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 242-п бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 472 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрі-дәрмек өнімдеріне жатпайтын, құрамында прекурсорлары бар өнімінің Қазақстан Республикасына белгілі бір санын әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшін құжаттарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 242-п бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3081 тіркелген, 2005 жылғы 3 тамыздағы № 76 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бір апта мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      энергетика министрі                                 В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      Қ. Қасымов ____________
      2015 жылғы 10.07

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады