"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті «Б» корпусының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 41 бұйрығының күші жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 475-ж бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 29-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті «Б» корпусының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 41 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9220 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                                 В. Школьник

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы іс-қимыл агенттігінің
      Төрағасы
      ________________ Қ. Қожамжаров
      2015 жылғы 8 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады