РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 7 қарашадағы № 729-734 (27806) газетінде жарияланған);
2) «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 411 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11802 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы ақпаратты орналастыруды және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
міндетін атқарушы М. Мырзағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 08 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 10 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 желтоқсан