Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7934 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 698 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.12.2015 № 698 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасы бекітілсін.
      2. Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми түрде жарияласын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            Б. Толымбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
2012 жылғы 27 тамыз

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2012 жылғы 16 тамыз

Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ    
министрінің м.а.   
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 132 бұйрығымен   
бекітілген      

Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және
біліктілікті беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 138-6-бабына сәйкес әзірленді және мыналардың тәртібін анықтайды:
      1) мамандық бойынша біліктіліктің ұлттық шеңбері (бұдан әрі – БҰШ) және біліктіліктің салалық шеңбері (бұдан әрі – БСШ) деңгейлеріне сәйкес келетін мамандығы/кәсібі бойынша білімінің, іскерлігі мен құзыретінің (кәсіби біліктілігінің) сәйкестігін растау;
      2) мұнай-газ саласында тиісті лауазымды атқару үшін біліктілікті (біліктілік разрядын/санатын) алуға ниет білдірген тұлғаларға білімінің, іскерлігі мен машығының бар екендігі туралы біліктілікті беру.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының азаматтарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ саласында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік мамандарға, оның ішінде:
      1) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), жоғары білім беру ұйымдарын, кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;
      2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттырғысы келетін кәсіпорын мен ұйымдардың қызметкерлеріне;
      3) тиісті мамандық (мамандығы/біліктілігі) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, мамандықты (мамандық/біліктілік) өз бетімен игерген тұлғаларға қолданылады.
      3. Осы Қағидада мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, оның көмегімен үміткердің сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленетін процесс;
      2) берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі – берілген сертификаттарды есепке алу журналы;
      3) біліктілік – кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіптік білімнің, іскерлігінің, жұмыс тәжірибесі мен машықтарының жиынтығы;
      4) біліктілікті беру – мұнай-газ саласындағы нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттіліктердің, кәсіптік білімнің, іскерлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
      5) біліктілік деңгейі – жұмыстарды орындау кезінде күрделілігін, стандартты еместігін және жауапкершілік дәрежесін есепке алатын БҰШ және БСШ-та біліктіліктің түрлі деңгейлеріне қойылатын талаптардың жиынтығы;
      6) біліктілік сәйкестігін растау – сертификатталған тұлғаның мұнай-газ саласында белгіленген біліктілік талаптары мен стандарттарға тұрақты сәйкестігін кепілдендіретін сертификат түрінде нәтижесі құжаттамалық куәландыру болып табылатын рәсім;
      7) емтихан – үміткердің құзыреттілік дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдер арқылы, мысалы, жазбаша, ауызша, практикамен, бақылау арқылы, сондай-ақ мамандықтың ерекшеліктерін ескеретін қосымша тәсілдермен анықтайтын, бағалау бөлігі болып табылатын тетік;
      8) емтихан алушы – тиісті қызмет саласында сертификатталатын маманның деңгейінен төмен емес кәсіптік білімі және емтихан жүргізілетін саладағы кәсіптік қызметте кемінде бес жыл практикалық қызмет тәжірибесі бар, емтиханды өткізетін және/немесе бағалайтын тұлға;
      9) қайта сертификаттау – сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының қолданылу мерзімінің бітуі бойынша сертификаттау рәсімінің қайтадан өткізілуі;
      10) құзыреті – маманның білімді және/немесе машықтарды қолдану қабiлеттiлiгі және, қажет болған жағдайда, сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасында аталған жеке қасиеттері;
      11) құзыреттілік – БҰШ және БСШ біліктілік деңгейлерінің талаптары шеңберінде кәсіптік міндеттерді табысты шешуге арналған құзыреттердің жиынтығы;
      12) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру бойынша жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
      13) мамандардың сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасы – мұнай-газ саласындағы БҰШ, БСШ-пен және кәсіптік стандарттармен белгіленген талаптарға мамандардың сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттаумен анықтайтын тәсіл;
      14) сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификаты – маманның біліктілік талаптарына, сондай-ақ кәсіптік қызметтің тиісті түріне арналған кәсіптік стандарттарға біліктілігінің сәйкестігі деңгейін (кәсіптік құзыретінің деңгейін) растайтын құжат;
      15) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;
      16) сертификаттау – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган арқылы тұлғаның БҰШ, БСШ-та біліктілік және құзыреттілік деңгейіне қойылатын белгіленген талаптарға және кәсіптік стандарттарға сәйкестігін белгілейтін және сәйкестікті растау және біліктілікті беруді растау туралы тиісті сертификатты беретін рәсім;
      17) үміткер – мұнай-газ саласындағы маманның біліктілігін иеленуге үміткер өтініш беруші;
      18) шағым-арыз – мамандықтардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы уәждеу сауалы бар, сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша түрдегі өтініші.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру
тәртібі

1-параграф. Жалпы талаптар

      4. Мамандардың сәйкестігін растауды және біліктілікті беруді, мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган (бұдан әрі – СРО) жүзеге асырады.
      5. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру ерікті сипатта болады және экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың немесе жұмысқа не лауазымдық қызметке орналасу үшін тиісті біліктілік алуға ниет білдірген тұлғалардың бастамашылығы/ниеті бойынша жүргізіледі.
      6. Мұнай-газ саласындағы мамандардың біліктілігін БҰШ-қа сәйкес БСШ-ның біліктілік деңгейлері бойынша Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде СРО береді және растайды.
      7. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру туралы өтініштерді СРО жыл бойы қабылдайды және өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру өтінішінің нысаны осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген.
      8. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру рәсімдерін жүргізу мақсатында СРО жанынан өкілеттік мерзімі бір күнтізбелік жыл болатын тәуелсіз біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

2-параграф. Тәуелсіз біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі

      9. Комиссия СРО бұйрығымен құрылады және Комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) негізінде жұмыс істейді. Ереже осы Қағидаларға сәйкес әзірленеді және СРО бекітеді.
      10. Комиссия:
      1) мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру схемасына сертификаттау процесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді;
      2) сертификаттау бойынша СРО шешімдерді қабылдау үшін емтихан нәтижелері бойынша СРО-ға құжатталған қорытындыны береді;
      3) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасына сәйкес емтихан алушылардың кәсіптік құзыреттілігін талдауды және бағалауды өткізеді;
      4) өз қызметі процесінде алатын бүкіл ақпараттың құпиялығын сақтайды;
      5) комиссия жұмысының тәртібін, рәсімдерін және әдістерін анықтайды;
      6) ұсынылған өтініштерді қарайды;
      7) СРО ресми сайтында отырыстарды өткізудің күні мен уақытын орналастырады;
      8) үміткерлерден, сертификатталған тұлғалардан немесе олардың жұмыс берушілерінен және басқа да мүдделі тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды.
      11. Комиссияның құрамына төраға, қаралатын сертификаттау саласындағы сарапшы-аудитор, комиссия мүшелері кіреді.
      Комиссия төрағасы сарапшы-аудиторлардың, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, мұнай-газ саласы ұйымдарының, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.
      Комиссия мүшелері, сондай-ақ сарапшы-аудиторлар, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің, мұнай-газ саласы ұйымдарының, білім беру ұйымдарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.
      12. Комиссия төрағасы:
      1) комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      2) комиссияның отырыстарын өткізеді;
      3) сәйкестікті растау және біліктілікті беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;
      4) СРО-ға комиссияның жұмысы бойынша қорытындылардың талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      5) емтихан нәтижелері бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы хаттаманы бекітеді.
      13. Комиссияның хатшысы:
      1) комиссия мүшелеріне отырыстың күні мен уақытын хабарлайды;
      2) комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      3) белгіленген тәртіпте комиссия жұмысының материалдарын ресімдейді және СРО-ға бекітуге жібереді.
      14. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
      15. Емтихан алушылар:
      1) өзінің кәсіптік қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты СРО-ға ұсынады;
      2) өзінің құзыреттілігі деңгейін әрдайым жетілдіреді және арттырады;
      3) өз қызметі процесінде алынатын барлық ақпараттың құпиялығын сақтайды.
      16. Сәйкестікті растау немесе тиісті біліктілікті беру туралы комиссияның шешімі бойынша еркін нысанда рәсімделетін хаттама жасалады және шешім қабылдау үшін СРО-ға жіберіледі.
      17. СРО төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) мамандық бойынша біліктілікті растау немесе бас тарту және сәйкестікті растау және біліктілік сертификатын (бұдан әрі – Сертификат) беру туралы;
      2) мамандық бойынша тиісті білім деңгейіне біліктілік беру немесе бас тарту және Сертификат беру туралы.

3-параграф. Сәйкестікті растаудың және біліктілікті берудің
тәртібі

      18. Сәйкестікті растау және біліктілікті беруді растау тәртібінде СРО мыналарды қамтиды:
      1) үміткерден өтініштерді қабылдау;
      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жоспарына сәйкес материалдарды бағалау;
      3) СРО мен үміткердің арасында тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, сәйкестікті растау және біліктілікті беру бойынша жұмыстарды жүргізуге шартты ресімдеу;
      4) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасының талаптарына және бағалаудың құжатталған нәтижелеріне сәйкес емтихан өткізу;
      5) сертификаттау бойынша шешімдер қабылдау;
      6) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сертификатты беру;
      7) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасына сәйкес қайта сертификаттау. Қайта сертификаттау процесі үміткер ұсынған өтініш негізінде жүргізіледі;
      8) берілген Сертификаттарды есепке алу тізіліміндегі тиісті жазбамен Сертификатты беру.

4-параграф. Шағым-арыз комиссиясы қызметінің тәртібі

      19. СРО шешімімен келіспейтін тұлғалардың өтініші Шағым-арыз комиссиясына СРО шешімін алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тапсырылады. Шағым-арызды қарау мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.
      20. Шағым-арыз комиссиясы СРО басшысының бұйрығымен құрылады және СРО шешімімен әзірленіп, бекітілетін Шағым-арыз комиссиясы туралы ереже негізінде жұмыс атқарады.
      21. Шағым-арыз комиссиясы:
      1) СРО шешіміне шағымданушы үміткердің жазбаша өтінішін қарайды;
      2) түскен шағымдардың қатаң есебін жүргізеді;
      3) сәйкестікті растау схемасын өзгерту және біліктілікті беру туралы ұсыныстар енгізеді.
      Шағым-арыз комиссиясы емтихан нәтижелерін бағалау барысының дұрыстығын, талаптардың сақталуын және даулы мәселелердің шешімін тексереді.
      22. Шағым-арыз комиссиясы қабылданған шешімдерді құжат түрінде растайды, бұл ретте өз қызметі процесінде алатын бүкіл ақпараттың құпиялығын сақтайды.

3. Қорытынды ережелер

      23. Емтиханды жақсы тапсырған тұлғаларға Сертификат беріледі.
      24. Сертификат:
      1) техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын бітірген, диплом алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде сертификаттаудан өткен тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, барлығына үш жыл мерзіммен беріледі.
      25. Сертификат жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалудың жариялануын растайтын құжатпен қоса берілген өтініш негізінде, СРО оның көшірмесін береді.
      26. Сертификат бүлінген жағдайда нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін беру туралы СРО-ға өтініш беру керек, өтінішке сертификаттың бүлінген түпнұсқасын қоса ұсыну қажет.
      27. СРО сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде «Көшірме» сөзін, бұрынғы нөмірлерді, берілу күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін береді.

Мұнай-газ саласындағы мамандардың 
сәйкестігін растау және біліктілікті
беру қағидасына          
1-қосымша             

Нысан

Сәйкестікті растауға және біліктілікті беруге арналған өтініш

ФОТО
3х4

Кімге _______________________________________________________________
          (Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру
                          органының толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
        (аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефон, e-mail)
Сәйкестікті _________________________________________________________
          (сәйкестікті растау және біліктілікті беру саласын көрсету)
мамандық бойынша жүргізуді растауды өтінемін.
Мен _____________________________________________________ саласындағы
сертификаттау процесі бойынша нормативтік құжаттардың шарттары мен
талаптарымен таныстым және қабылдаймын.
Менің өтінішімдегі нысанда келтірілген деректердің тізілімде
жариялануына болады.
Мен берген мәліметтер рас, келешекте сәйкестікті растау және
біліктілікті беру органына менің жеке мәліметтерімдегі бүкіл
өзгерістерді хабарлауға міндеттенемін.
Мен ақпаратты дұрыс бермеген жағдайда тізілімнен шығаруды түсінемін
және қабылдаймын.
Қосымшалар:
1. Жеке куәліктің көшірмесі
2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)
3. Білім туралы құжаттың көшірмесі
4. Еңбек қызметін растайтын құжаттар (болған жағдайда)
5. Мәлімделген сертификаттау саласындағы біліктілікті арттыру туралы
құжаттың көшірмесі (болған жағдайда)
Емтихан хаттамасының көшірмесі (____ схема бойынша) (болған жағдайда)
Өтілден өтуін растайтын пікір-анықтама (____ схема бойынша)
Күні, мәлімдеушінің қолы, қол қоюларды ажырату.
Ескерту – барлық көшірмелер әр бетте ұйымның мөрімен расталады немесе
нотариалды түрде расталады.

Мұнай-газ саласындағы мамандардың 
сәйкестігін растау және біліктілікті
беру қағидасына          
2-қосымша             

Нысан

Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жоспары
20__ жылғы «___» __________
_________________________________________________________________ (сәйкестікті растау және біліктілікті беру органның атауы) 20__ жылғы «___» _________ өтінішін қарап, қосымша құжаттармен
_______________________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні, мекенжайы, телефоны)
сәйкестікті растау және біліктілікті беруге
_____________________________________________________________
(қызметтің атауы)
Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жөніндегі орган
ШЕШТІ:

1. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасы бойынша
өткізілсін.
_____________________________________________________________________
    (Сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасының нөмірі)
2. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру үшін өтініш берушінің
құзыреттілігі _______________________________________________________
                   (құзыреттілігі тексерілетін орталықтың атауы)
негізінде тексеруді жүргізсін.
3. Сәйкестікті растау және біліктілікті беруді _____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған жағдайда
                     тармақтардың нөмірлері)
талаптарға сәйкес өткізсін.
4. Жұмыстарды _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)
негізінде жүргізсін.

      ________________________________________ М.О. _________________
       (Сәйкестікті растау жөніндегі орган          (тегі, аты-жөні)
                 басшысының қолы)

Мұнай-газ саласындағы мамандардың 
сәйкестігін растау және біліктілікті
беру қағидасына          
3-қосымша             

Нысан

____________________________________________________________________
Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жөніндегі органның атауы

Сәйкестікті растау және біліктілікті беру
СЕРТИФИКАТЫ

Осы сертификат
__________________________________________________________________ ке
                                (тегі, аты-жөні)

Біліктілікті беру/растау ____________________________________________
_____________________________________________________________________
         (Нормативтік құжат негізінде берілген сертификат)
сәйкес берілді.

Берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген
№ ____________________________
     (сертификаттың нөмірі)
201__ жылғы «___» _______ берілді.
201__ жылғы «___» _______ ға дейін жарамды.

Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандардың сәйкестігін растау және
біліктілікті беру жөніндегі орган заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі
болып табылған жағдайда)

____________________   ____________________   _______________________
     (лауазымы)               (қолы)                 (аты-жөні)

М.О.

Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі
органның басшысы

____________________   ____________________   _______________________
     (лауазымы)               (қолы)                 (аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады