"Электр станцияларындағы су, отын және жағу материалдарының технологиясы" кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9412 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 704 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 704 (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Электр станцияларындағы су, отын және жағу материалдарының технологиясы» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әләуметтік қорғау
      ___________________Т. Дүйсенова
      2014 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы  
№ 87 бұйрығы        

«Электр станцияларындағы су, отын және майлау материалдары
технологиясы» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Электр станцияларындағы су, отын және майлау материалдары технологиясы» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:
      1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
      2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
      3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
      3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
      4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
      3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
      12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
      13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызметтің түрі: 35 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.
      6. Кәсіби қызмет саласы: электр станцияларындағы су, отын және майлау материалдары технологиясы.
      7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: электр станцияларындағы су, отын және майлау материалдары сынамаларына зертханалық жұмыстар жүргізу және жабдықтың үздіксіз және техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.
      8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1-параграф. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант

      9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.
      10. Мүмкін болатын лауазым атаулары:
      лаборант (біліктілігі орташа).
      11. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – химиялық талдау жасау.
      12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
      13. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборанттың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде келтірілді.
      14. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
      15. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде келтірілді.
      16. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-7 кестелерінде көрсетілді.

2-параграф. Жылу технигі

      17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.
      18. Мүмкін болатын лауазым атаулары:
      жылу технигі.
      19. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – жабдықтың үздіксіз және техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.
      20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
      21. Жылу технигінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде келтірілді.
      22. Жылу технигі орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
      23. Жылу технигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде келтірілді.
      24. Жылу технигі құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестелерінде көрсетілді.

4. КС әзірлеушілері

      25. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.
      26. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

«Электр станцияларындағы су, отын және
майлау материалдары технологиясы» 
кәсіби стандартына 1-Қосымша      

Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Р/н

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдістерін ескерумен кәсіптің атауы

01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы

Салалық біліктілік шеңбері біліктілік деңгейі

1.

Химиялық талдаулар жүргізу

Отын (көмір, мазут, су, май) сапасын бақылау лаборанты

Лаборант (біліктілігі орташа)

2-4

2.

Жабдықтың үздіксіз және техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету

Жылу технигі

Жылу технигі

4

«Электр станцияларындағы су, отын және
майлау материалдары технологиясы» 
кәсіби стандартына 2-Қосымша  

Отын (көмір, мазут, су, май) сапасын бақылау лаборанты

      1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуішіне (КМЖ) сәйкес коды

Базалық топ

3211 – Лаборант (біліктлік деңгейі орташа)
3211- Техник-лаборант
8159 – Химиялық талдау зертханашысы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө
«Барлық салаларға ортақ жұмысшылар кәсіптері» № 1 шығарылымы

БТБА бойынша кәсіп

Химиялық талдау лаборанты

Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2

2

3

3-4

4

5

      2-кесте. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборанттың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Жылу электр орталығы (ЖЭО), жылу электр станциясы (ЖЭС), қазандық, көмір қазатын кешендердің жабдықталған, аттестатталған немесе аккредиттелген зертханалары, өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік зертханалары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Ауыр көтеру, шаң-тозаң мен зиянды заттардың шекті ұйғарынды шоғырландыру (ШҰШ) арту мүмкіндігі, шуыл деңгейінің жоғары болуы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Орта білімі бар, бірақ білімі негізгі орта білімнен төмен емес практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық (білім беруді ұйымдастыру базасындағы қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Жұмыс орнында оқыту кезеңінде

3

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз техникалық және кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейі.

2-деңгейде 2 жыл

4

Техникалық және кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық жұмыс тәжірибесі

3-деңгейде 3 жыл

      3-кесте. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Сынама іріктеу және дайындау

2

Жабдықтарды және аспаптарды даярлау

3

Зертханалық сынақтарды орындау

4

Зертханалық сынақ нәтижелерін өңдеу

5

Зертханалық сынақ нәтижелерін өңдеу ресімдеу

6

Зертханалық сынақ сапасын бақылау

      4-кесте. Отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы шифры

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Отын, су, газ, майдың талданатын сынамасы

Сынаманы іріктеу және тасымалдауға арналған аспаптар

1-1) Талданатын сынамаларды іріктеу және тасымалдау

Отын, су, газ, майдың талданатын сынамасы

Сынама өңдейтін машина, зертханалық диірмен, қысқартқыш, бөлгіш, елеуіштер жинағы немесе көмірді елеуге арналған механикалық құрылғылар, техникалық және аналитикалық таразылар, кептіргіш шкаф, химиялық ыдыс

1-2) Талданатын сынаманы сынаққа әзірлеу

2

Кептіргіш шкаф, аналитикалық таразы, фотокалориметр, кондуктометр, ион өлшеуіш, оттегі өлшеуіш және басқалары, аналитикалық сынамалар аспаптар, газоанализатор, вискозиметр, электр аспаптар

Нұсқаулықтар, әдістемелер, режимдік карталар, режимдік жұмыстар

2-1) Жабдық жұмысының регламенттелген режимдерін іріктеу, орнату және пайдалану

Жабдықтар мен аспаптар

Нұсқаулықтар, құрал-саймандар, аспаптар

2-2) Ақауларды жою

3

Отын, су, газ, майдың талданатын сынамасы

Аналитикалық таразы, муфельдік пеш, кептіргіш шкаф, электр аспаптар, химиялық ыдыс, вискозиметр, газоанализатор

3-1).Қарапайым бір текті талдауларды орындау

Отын, су, газ, майдың талданатын сынамасы

Аналитикалық таразы, химиялық ыдыс, ылғал өлшеуге арналған аспап, оттегі өлшеуіш, кондуктометр, фотокалориметр, платина электроды бар газоанализатор

3-2) Күрделілігі орташа талдауларды орындау

Отын, су, газ, майдың талданатын сынамасы

Аналитикалық таразы, калориметриялық құрылғы, фотометр,ион өлшеуіш және басқа да аналитикалық аспаптар

3-3) Күрделі талдауларды орындау

4

Зертханалық сынақ нәтижелері

Әдістемелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, есептеу техникасы

4-1) Жүргізілген талдаулар бойынша қарапайым есептеулерді орындау, журнал толтыру

5

Зертханалық сынақ нәтижелері

Әдістемелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, есептеу техникасы

5-1) Бағдарламаларды қолданып жүргізілген талдаулар бойынша есептеулерді орындау

Зертханалық сынақ нәтижелері

Есептеу әдістемесі, нұсқаулықтар

5-2) Сынақ хаттамасын ресімдеу, журналдарды, ведомостілерді толтыру

6

Зертханалық сынақ нәтижелері

Әдістемелер, нұсқаулықтар

6-1) Зертханалық сынақ нәтижелерінің нормативтік құжаттарға сәйкестігін талдау

      5-кесте. СБШ 2-біліктілік деңгейіндегі отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет шифры

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Талдауды даярлау және жүргізу үшін шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Отын, су, газ, май сынамаларын іріктеуді орындау, отын сынамаларын қаптау және таңбалау, нұсқаулық негізінде сынамаларды тасымалдау

Отын, су, газ, май сынамаларын іріктеу әдістері, сынамаларды іріктеу және тасымалдауға арналған жабдықтар және аспаптар, отын сынамаларын қаптау және таңбалау ережесі, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау талаптары, өрт қауіпсіздігі, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

1-2)

Талдауды дайындау және жүргізу барысында шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Талданатын сынаманы сынаққа дайындауды орындау, зертханалық және аналитикалық көмір сынамасын дайындау, көмірдің тәуліктік сынамасын дайындау

Көмірдің бастапқы сынамасын зертханалық сынамаға өңдеу әдістері, көмірдің зертханалық сынамасын аналитикалық сынамаға өңдеу әдісі, тәуліктік зертханалық сынамаларды дайындау және сақтау әдісі, жабдықтардың, аспаптардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері және тәртібі, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

3-1)

Аспаптарды және жабдықтарды баптау барысында шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жабдықтарды, зертханалық аспаптарды баптау, калибрлеуді орындау, сынақ жүргізу режимдерін белгілеу

Құрал-саймандардың, зертханалық аспаптардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері және тәртібі, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

4-1)

Жүргізілген талдаулар бойынша күрделі емес есептеулерді орындау барысында шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жүргізілген талдаулар бойынша күрделі емес есептеулерді орындау

Нұсқаулықтарды, есептеу әдістемесін білу, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

      6 Кесте. СБШ 3-біліктілік деңгейіндегі отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет
шифры

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

2-1)

Аспаптарды және жабдықтарды баптау барысында шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жабдықтарды, зертханалық аспаптарды баптау, калибрлеуді орындау, сынақ жүргізу режимдерін белгілеу

Жабдықтың, құрылғылардың, зертханалық аспаптардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері және тәртібі, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

3-2)

Өз бетінше жоспарлауды, күрделілігі орташа талдауларды орындау барысында міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Қабылданған әдістеме бойынша күрделілігі орташа талдауларды жүргізу, талданатын сынамадағы заттардың пайыздық құрамын анықтау, тұтқырлықты, ерігіштікті, жабық тиглдегі жалынның температурасын анықтау, күрделі емес титрлерді орнату және тексеру, су құрамын анықтау, Эшка әдісімен күкіртті анықтау.

Сынақ жүргізу әдістемелері, стандарттары, жабдықтардың, аспаптардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері мен тәртібі, аспаптарды баптау әдістемесі, талдауларды жүргізу ережесі, жалпы және аналитикалық химия негіздері, зертханалық жабдықтарға қызмет жасау ережесі, қышқылдардың, сілтілердің, индикаторлар мен басқа да қолданылатын реактивтердің қасиеттері, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

4-2)

Құжаттарды ресімдеуді орындау барысында өз бетінше жоспарлауды, міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Сынақ хаттамасын ресімдеу, сынақ деректерін журналға, ведеомостарға жазу, бланкілерді толтыру

Нормативтік құжаттар, нұсқаулықтар, қауіпсіздік техникасы еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

      7 Кесте. СБШ 4-біліктілік деңгейіндегі отын сапасын бақылау жөніндегі лаборант құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет шифры

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

2-2)

Ақаулардың себебін анықтау және жою барысында өз бетінше жоспарлауды, міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ақаулардың себебін анықтау және оларды жою бойынша шараларды орындау.

Жабдықтардың, құрал-саймандардың, зертханалық аспаптардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері және тәртібі, ақаулардың туындау себебі, қауіпсіздік техникасы ережесі, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

3-3)

Күрделі зертханалық сынақтарды жүргізу нәтижесі үшін өз бетінше жоспарлауды, міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Белгіленген әдістеме бойынша аспаптар мен аппараттарды қолдана отырып күрделі талдаулар жүргізу, аспаптарға калибрлеу графигін құру, жағу әдісімен сутегі ылғалдығын анықтау, калориметрлік құрылғыда отын жағуды орындау

Сынақ жүргізу әдістемелері, стандарттары, жабдықтардың, құрал-саймандардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері мен тәртібі, аспаптарды баптау әдістемесі, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

5-1)

Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып есептеулерді жүргізу үшін өз бетінше жоспарлауды, міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Компьютерлік бағдарламаларды меңгеру, есептеулерді жүргізу үшін қарапайым бағдарламаларды құра білу

Нұсқаулықтар, есептеу әдістемелерін, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптарын, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу

6-1)

Қорытындылардың сәйкестігіне салыстырмалы талдау жүргізу кезіндегі нәтиже үшін өз бетінше жоспарлауды, міндеттердің орындалуына жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Қорытындылардың нормативтік құжаттарға, сертификаттарға сәйкестігіне салыстырмалы талдау жүргізу, сәйкессіздік себебін анықтау

Нормативтік құжаттарды, өнім сапасы нормаларын білу. Кәсіби мәселелерді шешу амалдары, принциптері мен тәсілдерін білу, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі н білу

«Электр станцияларындағы су, отын және
майлау материалдары технологиясы» 
кәсіби стандартына 3-Қосымша   

Жылу технигі

      1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

(Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші КМЖ)

Базалық топ

3113

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

-

БТБА бойынша кәсіп

-

Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтары

2

2

3

3-4

Ұйым басшыларының, мамандарының және басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар


Жылу технигі
(Жұмысшы кәсіптерінің, қызметші лауазымдарының бүкілодақтық жіктеуіші және тарифтік разрядтар, код:24938 (Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1997 жылғы 22 қазандағы № 181-п бұйрығы)

4

-

      2-кесте. Жылу технигінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Жылу электр орталығы (ЖЭО), жылу электр станциясы (ЖЭС), қазандықтар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Шекті ұйғарынды шоғырландыру (ШҰШ) арту мүмкіндігі, шуыл деңгейінің жоғары болуы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және-немесе кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі және/немесе практикалық жұмыс тәжірибесі немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз техникалық білімнің біліктілік деңгейі.

-

      3-кесте. Жылу технигі орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жабдықтың жай-күйін зерттеу

2

Жылу энергетикалық жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру

3

Жабдықтың жұмысын талдау

      4-кесте. Жылу технигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы шифры

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Жылу энергетикалық жабдық

Нормативтік құжаттар, графиктер, ақаулар актісі

1-1) Қарап тексеру, гидравликалық және жылу техникалық сынақтар жүргізу

Нормативтік құжаттар, графиктер

1-2) Жөндеу кезеңінде бақылау жүргізу

Нормативтік құжаттар

Нормативтік құжаттар

1-3) Жабдықтарды жөндеуден кейн қабылдау

1-4) Жабдықтарды жөндеу графиктерін әзірлеу

1-5) Жөндеу ауқымын, материалдар мен қосалқы бөлшектерді анықтау

2

Режимдік карталар, нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

2-1) Жабдық жұмысын бақылау

Нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

2-2) Режимдік карталарды, жүктеме беру графиктерін әзірлеу

Режимдік карталар, нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

2-3) Жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау

Нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

2-4) Жабдық кемшіліктерін жоюды ұйымдастыру

3

Нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

3-1) Бекітілген нысандар және көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындау

Нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

3-2) Материалдарға өтінім толтыру

Нұсқаулықтар, нормативтік құжаттар

3-3) Түзету шараларын әзірлеу

Нормативтік құжаттар

3-4) Жабдықтарды қайта құру және жаңғырту бойынша шараларды әзірлеу

      5-кесте. СБШ 4-біліктілік деңгейіндегі жылу технигі құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет шифры

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормалардың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылауды, жабдықтарды қарап тексеру және гидравликалық және жылу техникалық сынақ жүргізу кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану ережесін, жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесін орындау, шешім қабылдау оқиғасын талдау және оларды іске асыру бойынша жағдай жасау

Әдістемелік және нормативтік құжаттар, техникалық сипаттамалар, жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, қауіпсіздік техникасы қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

1-2)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықтарды қарап тексеру және гидравликалық және жөндеу кезеңіндегі бақылау жүргізу нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жөндеу технологиясы, жөндеу әдістері, монтаждау және реттеу әдістерінің орындалуын бақылау, жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбекті ұйымдастыру ережесі, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау ережесі

Жөндеу, монтаждау, реттеу, баптау әдістері, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбекті ұйымдастыру талаптары, технологиясы, қауіпсіздік техникасы қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

1-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Гидравликалық және жылу техникалық сынақ жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік қадағалау органдары тексеру және куәландыру үшін қысым астында жұмыс істейтін жабдықты дайындау

Жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау қағидасы, жабдықтарды мемлекеттік қадағалау органдарында куәландыру қағидасы, қауіпсіздік техникасы ережесі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

1-4)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықтарды жөндеу графигін әзірлеу кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жабдықтың ақауларын тексеру, жабдықтың техникалық жай-күйіне акт құру, жөндеу графигін құру

Әдістемелік және нормативтік құжаттар, жабдықтың техникалық сипаттамасы, жабдықтың конструкциялық ерекшеліктері, жөндеу графиктерін құру қағидасы, қауіпсіздік техникасы ережесі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

1-5)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын және жөндеу ауқымы, материалдар мен қосалқы бөлшектерді анықтау кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жабдықтың техникалық күйін анықтау, жөндеу ауқымын, жөндеу материалдары мен қосалқы бөлшектерді анықтау

Әдістемелік және нормативтік құжаттар, жабдықтың техникалық сипаттамасы, жабдықтың конструкциялық ерекшеліктері, қауіпсіздік техникасы қағидасы қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

2-1)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын және жабдықтардың жұмысына бақылау жүргізу кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жабдық жұмысының белгіленген режимін, жабдық жұмысын, жүктеме беру графигін және берілген параметрлерді, бақылау-өлшеу, жылу техникалық және электр техникалық аспаптардың жұмысын бақылауды орындау

Әдістемелік және нормативтік құжаттар, жүктеме беру графиктері, режимдік карталар, жұмыс тәртібі және жабдықты пайдалану қағидасы, материалдар шығысы нормалары, қауіпсіздік техника қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы және қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

2-2)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдық жұмысының режимдік карталарын, жүктеме беру графиктерін әзірлеу кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жабдықтардың режимдік карталарын әзірлеу кезінде өз бетінше анықтау және өз бетінше нормалау дағдысын көрсетеді. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштыларға міндеттер жүктейді, қызмет нәтижелерін бағалайды

Нормативтік құжаттар, жабдықтың жұмыс істеу тәртібі, жүктеме беру графигі, қауіпсіздік техникасы қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

2-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдық жұмысы барысында ақауларды анықтау кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жабдықтарға қарап тексеру, жабдықтарға сынау жүргізу

Жабдықтың конструкциялық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптары, жабдықтарды жалғаудың технологиялық сызбасы, қауіпсіздік техникасы ережесі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

2-4)

Жабдықтардың ақауларын жою жұмыстарын ұйымдастыруға жауапкершілікті көздейтін, технологиялық процесс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Жабдықты ақауын жоюға дайындауды ұйымдастыру, ақауды жою бойынша жұмыстар мен шаралардың ауқымын анықтау, қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді анықтау.

Технологиялық сызбалар, жөндеудің нормативтік құжаттары, материалдар шығысы нормасы, ақауды жою кезіндегі қауіпсіз жұмыс қағидасы, өрт қауіпсіздігі қағидасы, қауіпсіздік техникасы ережесі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

3-1)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, бекітілген нысандар бойынша есептілікті даярлау кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Материалдар шығысы бойынша есептілік құру, жабдықтың бекітілген әдістеме бойынша жұмыс көрсеткіштерін есептеу

Нормативтік құжаттар, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, реагенттерді тұтыну нормалары, қауіпсіздік техникасы қағидасыі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

3-2)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, материалдарға, қосалқы бөлшектерге өтінім беру кезіндегі нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Реагенттерді және материалдарды қажетті негіздемесімен бірге тұтыну талабына есептеу жүргізу, жабдықтарды, материалдарды, реагенттерді сатып алуға тапсырыс құру, реагенттер мен материалдардың шығынын есепке алу

Нормативтік құжаттар, материалдарды, реагенттерді тұтыну нормалары, өтінім толтыру ережесі, материалдарды, реагенттерді есепке алу қағидасы, қолданылатын материалдарға, реагенттерге қойылатын талаптар, қауіпсіздік техникасы қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

3-3)

Түзетуші шараларды әзірлеуге жауапкершілікті көздейтін, технологиялық процесс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды жою бойынша түзетуші шараларды анықтау

Әдістемелік және нормативтік құжаттар, қаулылар, жарлықтар, жабдықты пайдалану бойынша бұйрықтар, жабдықтың жұмыс істеу режимі және пайдалану қағидасы, қауіпсіздік техникасы ережесі, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

3-4)

Жабдықты қайта құру және жабдықтарды қайта құру және жаңғырту бойынша шараларды әзірлеу нәтижесіне жауапкершілікті көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Жабдықты техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру және жаңғырту шараларын және негіздемелерін әзірлеуді орындау

Жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибе, экономика негіздері, кәсіпорынды техникалық дамыту перспективалары, қауіпсіздік техникасы қағидасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану қағидасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары, ішкі тәртіп ережесі, экологиялық нормалар және еңбек гигиенасының талаптары, жазатайым оқиға кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі

«Электр станцияларындағы су, отын және
майлау материалдары технологиясы»
кәсіби стандартына 4-Қосымша  

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      Осы КС зарегистрирован ______________________________ тіркелді.
      Кәсіби стандарттар тізбесіне _______тіркеу нөмірімен енгізілді.
      Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады