Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 704 (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___»__________
Қазақстан Республикасы
Индустрия
және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 443 бұйрығымен бекітілген
«Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Турбиналық жабдықтарды жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 33.14 Турбиналық жабдықтарды жөндеу, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне қойылатын талаптар.
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: халық шаруашылығының әр түрлі саласында және өмірді қамтамасыз ету салаларында одан әрі техникалық мүмкін және экономикалық ұтымды пайдалану үшін электр энергиясын өндіру мақсатымен турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерістерін үздіксіз, экономикалық тиімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ, адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, электр энергиясының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуді жүзеге асыру.
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Бу турбиналары машинисті»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша - 2-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8162 «Бу турбиналары машинисті»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бу турбиналары машинисті;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - бу турбиналарын пайдаланылмалы қызмет көрсету және олардың апатсыз және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету; басқарудың орталық жылу қалқанынан жүктеменің берілген кестесіне сәйкес бу турбиналар жұмысы мен режимін жүргізу; негізгі және көмекші жабдықтардың жұмысында жарамсыздықтарды анықтау және жою;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бу турбиналары машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша - 2-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7233 «Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындау: келтіру мен үйлестіру нақтылығымен әр түрлі кластағы бөлшектерді слесарлық өңдеу; бу және газ турбиналары, бу машиналары, компрессорлар, сорғыштар, қыздырғыштар, майды салқындатқыш, құбыр жолдары, жүк көтергіш машиналардың жылу алмасу аппараттары (жүккөтергіш машиналары жөндеумен ауыстыру кезінде) және пневматикалық және электрленген құралдарды, арнайы құралдарды, жабдықтарды және өлшеу құралдарын қолданумен басқа да механизмдер кіретін негізгі және көмекші жабдықтардың түйіндерін, бөлшектерді және механизмдерді бұзу, жөндеу, қайта құру, жинақтау, реттеу, сынау және қалпына келтіру; электр станцияларындағы жұмыс істейтін цехтардың стациялық құбыр жолдарында және арматурасында жиналмалы, қайта құру, төсеме және монтаждық жұмыстар; жабдықтардың түйіндері мен механизмдердің тік және көлденең ауыстыру (сүргішінің жұмысымен, жүккөтергіш машиналарын еденнен басқарумен ауыстыру кезінде) жинау, әзірлеу және орнату бойынша такелаждық жұмыстарды орындау;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Газтурбиналық қондырғылар машинисті»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8161 «Газтурбиналық қондырғылар машинисті»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: газтурбиналық қондырғылар машинисті;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындау: газ турбиналарын пайдаланылмалы қызмет көрсету және олардың үздіксіз және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету; қызмет көрсету жабдықтарының жұмысында жарамсыздықтарды жою;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Газтурбиналық қондырғылар машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Турбиналық бөлімшенің аға машинисті»
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8161 «Турбиналық бөлімшенің аға машинисті»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: турбиналық бөлімшенің аға машинисті;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындау: турбиналық жабдықтардың берік және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету; жұмыс орындарын дайындау және жабдықтарға жұмысына рұқсат беру; қызмет көрсету жабдықтарының жұмысында жарамсыздықтарды анықтау және жою;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Турбиналық бөлімшенің аға машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.
5-параграф «Жөндеу технигі»
10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5, СБШ бойынша - 4-5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3119 «Техник»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жөндеу технигі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындау: сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оның басқаруында болатын электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу; қолданыстағы технологиялық үдерістерді жетілдіру және жаңалардын әзірлеуге қатысу; жұмыстардың бекітілген учаскесінде оған бағынысты персоналды басқару; техникалық құжаттаманы жүргізу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жөндеу технигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.
6-параграф «Жөндеу инженері»
11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5-6, СБШ бойынша - 5-6;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2145 «Жөндеу инженері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жөндеу инженері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындау: жабдықтардың қазіргі күйін және жөндеуді, кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін кешендік реттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу; көп еңбекті қажет ететін үдерістердің жоғары тиімді жөндеу механизмдерін, құралдарын жөндеудің прогрессивтік технологиялары; жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың кешенін әзірлеу, жөндеу жұмысына еңбекті қажет етуін және құнын төмендету, олардың сапасын жақсарту, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарлату; өндірістің техникалық дамуын жоспарлау, негізгі қорларды күрделі жөндеу мен жаңғырту, өндірістік қуаттылықтардың балансын құру және оларды пайдалану бойынша жұмыстарға қатысу; пайдалану бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарға қатысу; жабдықтарды, ғимараттарды, кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын есепке алу және төлқұжаттауды жүргізу, есептілікпен белгіленген техникалық құжаттамаларды құру; жабдықтарға алдын ала жөндеу бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу.
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жөндеу инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-6-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
14. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
16. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
17. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Турбиналық жабдықтарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрлері
№ р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы |
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы |
СБШ біліктілік деңгейлері |
БТБА бойынша разряды |
1 |
Бу турбиналарынна қызмет көрсету және реттеу |
Бу турбиналарының машинисті |
Бу турбиналарының машинисті |
2-4 |
2-6 |
2 |
Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу |
Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі |
Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі |
2-4 |
2-8 |
3 |
Газтурбиналық қондырғыларға қызмет көрсету және реттеу |
Газтурбиналық қондырғылар машинисті |
Газтурбиналық қондырғылар машинисті |
3-4 |
4-7 |
4 |
Турбиналық бөлімшеге қызмет көрсету, реттеу және басқару |
Турбиналық бөлімшенің аға машинисті |
Турбиналық бөлімшенің аға машинисті |
3-4 |
5-7 |
5 |
Турбиналық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу, пайдалануды ұйымдастыру |
Жөндеу технигі |
Техник |
4-5 |
- |
6 |
Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерісін құрастыру және басқару |
Жөндеу инженері |
Жөндеу инженері |
5-6 |
- |
Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген
«Турбиналық жабдықтарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бу турбиналары
машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
2 |
Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) |
Еңбек өтілі қажет етілмейді |
3 |
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе ұйымдағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл |
4 |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі 1 жылдан астам |
2-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бугазтурбиналық
жабдықтарды жөндеу слесарінің еңбек жағдайына, білімі және
жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
||
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
2 |
Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) |
Еңбек өтілі қажет етілмейді |
|
3 |
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе ұйымдағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл |
|
4 |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі 1 жылдан астам |
3-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Газтурбиналық
қондырғылар машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
||
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
3 |
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе ұйымдағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл |
|
4 |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі 1 жылдан астам |
4-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Турбиналық бөлімшенің
аға машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
3 |
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе ұйымдағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл |
4 |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі 1 жылдан астам |
5-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жөндеу технигінің еңбек
жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
||
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе |
Еңбек өтілі 1 жылдан астам |
|
5 |
Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі |
Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, жоғары білім үшін – жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
6-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жөндеу инженерінің еңбек
жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Жылу электр станциялары, комбинацияланған өндіріс станциялары, қазандықтар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі, өндірісте жарақат алу мүмкіндігі |
||
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. 18 жастан кіші емес жас, медициналық қарау; тиісті орындалатын жұмысқа кәсіби дайындық, расталған құжаттама, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту. |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 |
Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі |
Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, жоғары білім үшін – жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
|
6 |
Жоғары білім, еңбек тәжірибесі |
Еңбек өтілі 1 жылдан кем емес |
«Турбиналық жабдықтарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Бу турбиналары машинисті» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Бу турбиналарға пайдаланылмалы қызмет көрсету және оларды үздіксіз және экономикалық жұмыстарын қамтамасыз ету |
2 Ф |
Басқарудың орталық жылу қалқанымен жүктеменің берілген кестесіне сәйкес бу турбиналарының режимі мен жұмыстарын жүргізу |
3 Ф |
Негізгі және көмекші жабдықтардың жұмысына жарамсыздықтарды анықтау және жою |
2-кесте
«Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу слесарі» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Келтірумен және үйлестірумен нақтылықтың әр түрлі кластары бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу |
2 Ф |
Келтіру мен үйлестіру нақтылығымен әр түрлі кластағы бөлшектерді слесарлық өңдеу; бу және газ турбиналары, бу машиналары, компрессорлар, сорғыштар, қыздырғыштар, майды салқындатқыш, құбыр жолдары, жүк көтергіш машиналардың жылу алмасу аппараттары (жүк көтергіш машиналары) жөндеумен ауыстыру кезінде) және пневматикалық және электрленген құралдарды, арнайы құралдарды, жабдықтарды және өлшеу құралдарын қолданумен басқа да механизмдер кіретін негізгі және көмекші жабдықтардың түйіндерін, бөлшектерді және механизмдерді бұзу, жөндеу, қайта құру, жинақтау, реттеу, сынау және қалпына келтіру |
3 Ф |
Электр станцияларындағы жұмыс істейтін цехтардың стациялық құбыр жолдарында және арматурасында жиналмалы, қайта құру, төсеме және монтаждық жұмыстар |
4 Ф |
Жабдықтардың түйіндері мен механизмдердің тік және көлденең ауыстыру (сүргішінің жұмысымен, жүк көтергіш машиналары еденнен басқарумен ауыстыру кезінде) жинау, әзірлеу және орнату бойынша такелаждық жұмыстарды орындау |
3-кесте
«Газтурбиналық қондырғылар машинисті» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Газ турбиналарын пайдаланылмалы қызмет көрсету және олардың үздіксіз және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету |
2 Ф |
Қызмет көрсету жабдықтарының жұмысында жарамсыздықтарды жою |
4-кесте
«Турбиналық бөлімшенің аға машинисті» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Турбиналық жабдықтардың сенімді және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету |
2 Ф |
Жұмыс орындарын дайындау және жабдықтарға жұмысына рұқсат беру |
3 Ф |
Қызмет көрсету жабдықтарының жұмысында жарамсыздықтарды анықтау және жою |
5-кесте
«Жөндеу технигі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оның басқаруында болатын электр Жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
2 Ф |
Қолданыстағы технологиялық үдерістерді жетілдіру және жаңалардын әзірлеуге қатысу |
3 Ф |
Жұмыстардың бекітілген учаскесінде оған бағынысты персоналды басқару |
4 Ф |
Техникалық құжаттаманы жүргізу |
6-кесте
«Жөндеу инженері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жабдықтардың қазіргі күйін және жөндеуді, кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін кешендік реттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу; көп еңбекті қажет ететін үдерістердің жоғары тиімді жөндеу механизмдерін, құралдарын жөндеудің прогрессивтік технологиялары |
2 Ф |
Жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың кешенін әзірлеу, жөндеу жұмысына еңбекті қажет етуін және құнын төмендету, олардың сапасын жақсарту, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарлату |
3 Ф |
Өндірістің техникалық дамуын жоспарлау, негізгі қорларды күрделі жөндеу мен жаңғырту, өндірістік қуаттылықтардың балансын құру және оларды пайдалану бойынша жұмыстарға қатысу |
4 Ф |
Пайдалану бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарға қатысу |
5 Ф |
Жабдықтарды, ғимараттарды, кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын есепке алу және төлқұжаттауды жүргізу, есептілікпен белгіленген техникалық құжаттамаларды құру |
6 Ф |
Жабдықтарға алдын ала жөндеу бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу |
Ескертпе: Ф – функция.
«Турбиналық жабдықтарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
1. СБШ 2-деңгейіндегі «Бу турбиналары машинисті» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 1 |
Әр түрлі қуаттылықтары мен түрлеріндегі бу турбиналардың жабдықтары |
Аппараттар, басқару пульттары, қолмен тірек арматурасы, бақылау-өлшеу құралдары, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
1-1 М Жабдықтарды қосу, тоқтату, пресстеу, сынау бойынша операцияларды орындау |
Қызмет көрсету технологияларына және әр түрлі қуаттылықтағы қондырғыларға стандартты және бір тұрпаттағы практикалық міндеттерді шешу дағдылары. |
Бу турбиналары, өлшем құралдары жұмысының принциптері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің ережелері. |
2-кесте
2. СБШ 3-деңгейіндегі «Бу турбиналары машинисті» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 2 |
Әр түрлі қуаттылықтары мен түрлеріндегі бу турбиналары |
Аппараттар, басқару пульттары, қолмен тірек арматурасы, бақылау-өлшеу құралдары, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
2-1 М Басқарудың орталық жылу қалқанының берілген кестесіне сәйкес бу турбиналардың жұмысы мен режимін бақылауды жүзеге асыру |
Бу турбиналарына, басқарудың жылу қалқандарына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кезінде стандартты, қарайым, бір тұрпатты практикалық міндеттерді шешу. |
Жылу кестелері, энергия өндірісінің үдерісі, бу турбиналар жұмысының принциптері, өлшеу құралдары, жылуды қорғау және белгі беру, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары. |
3-кесте
3. СБШ 4-деңгейіндегі «Бу турбиналары машинисті» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 3 |
Әр түрлі қуаттылықтағы және түрдегі бу турбиналардың жабдықтары, техникалық құжаттама журналдары |
Слесарлік құралдың жиынтығы, апатты тарату жоспары, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары, қолмен еңбек, жазбаша керек-жарақтар, оргтехника, компьютер |
3-1 М Турбиналық жабдықтарға ағымдағы жөндеуге қатысу |
Жұмыс жағдайын өздігінен талдауды, бу турбиналарының; басқарудың жылу қалқандарының қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кезінде оларды өзгертуді талап ететін практикалық міндеттердің әр түрін шешу дағдылары |
Жылу кестесі, энергия өндірісінің үдерісі, жылулық қорғау, белгі беру, жылуды бақылау және автоматика, сапа көрсеткіштері және бу, су, турбиналық май, конденсат ауытқуларының кестелері, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары; |
4-кесте
4. СБШ 2-деңгейіндегі «Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу
слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 1 |
Бутурбиналық негізгі және көмекші жабдықтардың бөлшектерді |
Пневмоэллектро құрал, слесарь құралы, өлшеу құралы, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары, жуу ертінділері, пасталар, сүрту материалдары |
1-1 М Келтірумен және үйлестірумен квалитеттер (нақтылық кластары) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу |
Келтірумен және үйлестірумен квалитет (нақтылық кластары) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін алгоритмнің берілген нұсқаулығы бойынша әрекеттер тәсілдерін таңдау Турбиналық жабдықты жөндеу және пайдаланымға дайындау саласында негізгі практикалық және танымдық дағдыларды қолдану |
Келтіру және үйлестірумен квалитет (нақтылық кластары) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін жұмыстар үдерістері рәсімдерді, жабдықтарды, негізгі және қарапайым құралдарды білу Негізгі және қосымша түйіндер мен механизмдерді жөндеу, реттеу және сынақтан өткізу бойынша кәсіби дайындығы кезінде алынған білім |
5-кесте
5. СБШ 3-деңгейіндегі «Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу
слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 2 |
Негізгі және көмекші жабдықтардың, жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің, сорғыштардың, айналатын механизмдердің, әр түрлі қуаттылықтағы жылу алмастырғыштардың, фильтрлердің, реттегіштердің, әр түрлі жүйелерінің, құбыр жолдарының, құқық қорғау және реттеу арматуралардың түйіндері мен механизмдері |
Пневматикалық, электрленген құрал, арнайы құрал, жабдық, өлшеу құралдары мен аппараттар мен механимздерді сынауды реттеуді өткізу үшін құралдар жинынтығы, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
2-1 М Негізгі және көмекші жабдықтардың, жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің әзірлеуді, жөндеуді, жинауды, реттеуді, сынауды жүзеге асыру (жүккөтергіш машиналарды жөндеумен ауыстыру кезінде) |
Келтірумен және үйлестірумен квалитет (нақтылық кластары) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін алгоритмнің берілген нұсқаулығы бойынша әрекеттер тәсілдерін таңдау |
Бөлшектерге слесарлық өңдеу жұмысын жүргізу үшін жұмыс үдерісінің рәсімдері, негізгі және қарапайым құрал-жабдықтар |
6-кесте
6. СБШ 4-деңгейіндегі «Бугазтурбиналық жабдықтарды жөндеу
слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 3 |
Барлық санаттағы құбыр жолдар, арматура |
Жүккөтергі механизмдері, газэлектрдәнекерлеуші, дефектоскопия құралдары, компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
3-1 М Барлық санаттағы құбыр жолдарының сызбалары мен кестелері бойынша төсемдер |
Электр станциялар жабдықтарын дайындау және іске асыру үдерісінде өзгерістерді білдіретін және жұмыс жағдайын өздігінен талдауды талап ететін практикалық міндеттердің әр түрлерін шешу |
Техникалық сипаттамалар, негізгі және көмекші жабдықтардың кинематикалық және гидравликалық кестесі, жөнделген жабдықтардың нақтылығына және сынауға жөндеуді, жинауды, демонтаждауды және монтаждауды жүргізу әдістері |
7-кесте
7. СБШ 3-деңгейіндегі «Газтурбиналық қондырғылар машинисті»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 1 |
Газтурбиналық қондырғылардың жабдықтары, газтурбина қондырғылардың жылу кестелері |
Аппараттар,басқару пульттары, қол тірек арматурасы, бақылау-өлшеу құралдары, арнайы-киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
1-1 М Газтурбиналық қондырғылар жабдықтарының жылу кестелеріне қосылу және жабдықтарды қосу, тоқтату, сынау бойынша операцияларды орындау |
Стандартты және қарапайым біртұрпатты практикалық міндеттерді шешу, газтурбиналық қондырғыларға қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз ету кезінде алгоритмдерді пайдалану. |
Жылу кестелері, бақылау-өлшеу құралдары жұмысының принциптері мен ережелері, бақылау және басқару құралдары; қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелері. |
8-кесте
8. СБШ 4-деңгейіндегі «Газтурбиналық қондырғылар машинисті»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 2 |
Газтурбиналық қондырғылардың жабдықтары, техникалық құжаттамалардың журналдары |
Апаттарды жою жоспары, слесарлық құралдарың жиынтығы, арнайы киім-кешек, жеке қорғау құралдары |
2-1 М Апаттық жағдайды жөндеуге, жабдықтарды жөндеуге қатысу |
Тиімді қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз ету, газтурбиналық қондырғылар жұмысы режимін жүргізу үшін әртүрлі практикалық міндеттерді шешу. |
Газтурбиналық қондырғыларды бақылау және автоматтандырудың принципиалды кестелері, генератор мен газ турбиналар қондырғыларының өзіндік қажеттіліктерінің электр кестелері; қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелері |
9-кесте
9. СБШ 3-деңгейіндегі «Турбиналық бөлімшенің аға машинисті»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 1 |
Турбиналық қондырғы, бу турбиналары, бу-газдық қондырғылар |
Басқару қалқаны, пульттар, бақылау-өлшеуіш құралдар, құрал-жабдық, қол ілмек арматурасы, арнаулы жұмыс киімі, жеке қорғау құралдары |
1-1 М Жабдықтың қосылуын, тоқтатылуын, сыналуын, престеуін жүргізу |
Турбиналық бөлімше жұмысын қамтамасыз ету кезінде стандарттық, бір келкі тәжірибелік міндеттерді шешу |
Барлық турбиналық жабдықтар құрылысы, техникалық сипаттары; қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері |
10-кесте
10. СБШ 4-деңгейіндегі «Турбиналық бөлімшенің аға машинисті»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 2 |
Турбоагрегаттар, бу турбиналары, бу-газдық қондырғылар |
Басқару қалқаны, пульттар, бақылау-өлшеуіш құралдар, құрал-жабдық, қол запорлық арматурасы, арнаулы жұмыс киімі, жеке қорғау құралдары |
2-1 М Жұмыс орындарын дайындау және қосымша жылу күштік жабдықта жұмысқа рұқсат беру |
Нақты жұмыс жағдайында әр түрлі және куатты турбиналық агрегаттардың жұмыс істеуі диспетчерлік кестесін өзгерту бойынша әрекет жүргізу технологиялық жолдарын таңдау Қолданылатын нақты технологиялар мен жұмыс жағдайлар шеңберінде білім және тәжірибелік негізінде белгілі тәжірибеден әрекеттер тәсілдерін таңдау |
Жылу бақылау мен автоматика принципиалды схемалары; стандарттық нормативтік схемалар, турбинді жабдықтар жұмысының көрсеткіштері; қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері |
Ф 3 |
Негізгі және қосымша сипаттағы турбиндық жабдық, қызметкерлер құрамы (жұмысшылар) |
Басқару қалқаны, пульттар, апаттарды жою жоспары, құрал-саймандар жиынтығы, арнаулы жұмыс киімі, жеке қорғау құралдары құжаттар, арнаулы жұмыс киімі, жеке қорғау құралдары |
3-1 М Турбиналық жабдықты жөндеуге шығару, апат жағдайларын жою |
Жұмыс жағдайлары мен оның боларлық өзгерістерін өздігінше сараптауды талап ететін әр түрлі тәжірибелік міндеттерді шешу Алынған нәтижелер мен жұмыс жағдайлары есебімен қызметті түзету; турбиналық бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз етудің технологиялық жолдарын таңдау |
Жылу техникасы, электротехника, механика және су дайындығы негіздері |
11-кесте
11. СБШ 4-деңгейіндегі «Жөндеу технигі» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 1 |
Негізгі және көмекші қызмет көрсететін турбиналық жабдықтар, персонал |
Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлық құжаттама, нормативтік-техникалық құжаттар, анықтамалық материалдар, ұйымдардың ішкі құжаттары, бақылау-өлшек құралдары, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім–кешек, жеке қорғау құралдары |
1-1 М Жабдықтарды жөндеудің барлық түрлерін және техникалық қызмет көрсетуді өткізуді ұйымдастыру |
Білім қызметтерін жүзеге асырудың әдістемелік, технологиялық жолдарды таңдау, біліктілікті арттыру жүйелерін құрастыру |
Бақылау-өлшеу аппараттураларды өлшеу, бақылау техникасының кезектілігі және оны пайдалану ережелері, өндіріс ұйымдастыру экономикасының негіздері және басқару, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитариялар, өрт қауіпсіздігі талаптары, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілер және жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалы |
12-кесте
12. СБШ 5-деңгейіндегі «Жөндеу технигі» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 2 |
Негізгі және көмекші қызмет көрсететін турбиналық жабдықтар, персонал |
Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлық құжаттама, нормативтік-техникалық құжаттар, анықтамалық материалдар, ұйымдардың ішкі құжаттары, бақылау-өлшек құралдары, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім –кешек, жеке қорғау құралдары |
2-1 М Жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша орындалатын жұмыс сапасын бақылау, |
Технологиялық процестің әртүрлі сатыларында өзінің және қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекетін ағымдағы және қорытынды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, бағалау және түзету |
Бақылау-өлшеу аппараттураларды өлшеу, бақылау техникасының кезектілігі және оны пайдалану ережелері, өндіріс ұйымдастыру экономикасының негіздері және басқару, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитариялар, өрт қауіпсіздігі талаптары, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілер және жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалы |
Ф 3 |
Персонал (жұмысшы) |
Көзбен бақылау, тіркеу журналдары, лауазымдық үлгілі нұсқаулықтар, техникалық регламенттер, оқыту бағдарламалары, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім-кешек, |
3-1 М Жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, технологиялық нұсқаулықтар және еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты сақтауын бақылау 3-2 М Белгіленген тәртіпке және мерзімдерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі бойынша бағынысты жұмысшылар нұсқаулықтарын өткізу, жұмысшы мен бригадалардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін жоғарлату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, екі және аралас кәсіпті оқыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
Турбиналық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу саласында теориялық және практикалық білімдерді қолданумен кәсіби проблемаларды шешудің балама нұсқасын өздігінен әзірлеу білігі мен дағдылары |
Ақауларды анықтау және жабдықтарды қарау әдістері, параметрлерді өлшек, жабдық жұмысы режимінің сипаттамалары мен деректері әдістері мен құралдары, техникалық есептерді, техникалық құралдары орындау, ақпаратты алу, беру және өңдеу, есептік техникасын пайдалану ережелері; жаңа техникасы мен прогрессиватік технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу |
Ф 4 |
Пайдалану-техникалық құжаттама, есептік құжаттама, техникалық журналдар, техникалық регламенттер |
Қол еңбегі, компьютер, алқаптық зерттеулер, бақылау, аналитикалық есептер, бағдарламалық қамтамасыз ету, жазбаша керек-жарақтар, оргтехника, арнайы киім-кешек |
4-1 М Техникалық құжататмаларды жүргізу, өзгерістерді қазіргі енгізу. Бекітілген нысандар бойынша есептік құжаттамаларды дайындауға қатысу |
Ағымдағы және қорытынды бақылау, өзінің және қарамағындыларды бағалау және түзету |
Жөндейтін жұмыстарды орындау, арнайы және анықтамалық әдебиетте, жұмыс бағдарламаларында және нұсқаулықтарда қолданылатын терминологияларды орындаудың негізгі әдістері, |
13-кесте
13. СБШ 5-деңгейіндегі «Жөндеу инженері» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 3 |
Жабдықтарды және басқа да өндірістік объектілерді жөндеудің перспективті, ағымдағы жоспарлары, дамыту бағдарламалары, кәсіпорынды дамыту стратегиясы (өндірістік тарауы), есептік құжаттама, тізімнен алып тастау, қабылдау, беру актілері |
Бақылау, анықтамалық әдебиет, нормативтік-реттелген әдебиеті, тіркеу журналы, бақылау-өлшеу аппаратурасы және аспаптар, аналитикалық есептер, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім-кешек |
1-1 М Жабдықтардың техникалық жағдайын, жөндеу жұмыстары сапасын, жабдықтарын қабылдауды тексеруге қатысу, қажетті жағдайда оны тізімнен шығаруға, басқа кәсіпорындарды беруге құжаттарды ресімдейді |
Шешімдердің көптеген тәсілдерін білдіретін практикалық міндеттерді шешу және ұйым мақсатына байланысты оларды таңдау |
Қазақстан Республикасының заңнамалық, басқа да нормативтік-құқықтық актілері; техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар; еңбек заңнамасы, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелері |
Ф 2 |
Жөндеу жұмыстары, шарт-келісім, актілер, сараптама, сынау актілері, пайдалану ережелері және жабдықты жөндеу |
Қызмет көрсету жабдықтарының алдын алу, ағымдағы, апаттық жөндеу жоспарлары, тестілеу есептері, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, оргтехника, арнайы киім-кешек |
2-1 М Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру, жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді тұтынуды анықтау, кооперация жағдайында кәсіпорынды қамтамасыз ету |
Теориялық және практикалық білімдерді, нақты жағдайларды, техника-экономикалық есептерді қолданумен кәсіби проблемаларды шешудің әр түрлі, балама нұсқаларын өздігінен әзірлеу және беру білігі мен дағдылары |
Техникалық сипаттамалар, конструкциялық ерекшеліктер, ұйым жабдықтары жұмысын тағайындау және режимдер; жөндеу жұұмыстарын және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
14-кесте
14. СБШ 6-деңгейіндегі «Жөндеу инженері» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
Ф 3 |
Жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар, ғылыми-зерттеу сипатындағы баптар, техникалық регламенттер, есептік құжаттамалар |
Техникалық құжаттама, бұқаралық ақпарат құралдары, ақпарат құралдары, |
3-1 М Жоғары тозу себептерін талдау, апат және жабдықтардың тұруы, олардың себептерін зерттеуде қатысу, сондай-ақ, өндірістік жарақаттау себептері, оларды алдын алу бойынша шараларды әзірлеу |
Басқа ұйымдар тәжірибесі жүйесінен теориялық және практикалық білімдерді қабылдаумен кәсіби пробемаларды шешу нұсқаларын өздігінен әзірлеу және беру білігі мен дағдылары |
Жөндеу жұмыстары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; техникалық сипатамалар, конструктивтік ерекшеліктер, ұйым жабдықтарын тағайындау және жұмыс режимі; жөндеу жұмыстарын жөндеу және технологиялардың алдыңғы жүйелері; еңбек заңнамасын басқару, еңбек және өндірісті ұйымдастыру, экономика негіздері. |
Ф 4 |
Негізгі және көмекті жабдықтар, кәсіпорын бөлімшелер, ұйымдар, ведомстволар, жөндеуді өткізуге өтінімдер |
Техникалық анықтамалық әдебиеттер, кәсіпорынның техникалық құжаттамасы, регламенттер, йым нұсқаулықтары, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім-кешек |
4-1 М Жабдықтардың техникалық жағдаймен байланысты бос тұратындар ұзақтығы және себептерді талдауды жүзеге асыру |
Білімнің техника-технологиялық, ұйымдастыру саласына жататын әдістемелік, технологиялық сипаттағы пробелмаларды шешу, шешім тәсілдерін таңдау және алуан түрлілігі |
Жоспарлық-алдын ала жөндеу және технологиялық жабдықтарды ұтымды пайдалану жүйелері; оның техникалық пайдалану ережелері; қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, техникалық қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеу бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар; техникалық сипаттамалар, конструктивтік ерекшеліктер, кәсіпорын жабдықтары жұмысының режимдері |
Ф 5 |
Негізгі және қосымша жабдықтар, кәсіпорын бөлімшелер, ұйымдар, ведомстволар, жөндеуді өткізуге өтінімдер |
Техникалық анықтамалық әдебиеттер, кәсіпорынның техникалық құжаттамасы, регламенттер, йым нұсқаулықтары, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы киім-кешек |
5-1 М Жабдықтарды сынау және жөндеу жұмыстарын өткізуге қатысатын кәсіпорындар қызметінде бақылауды жүзеге асыру |
Қарамағындағы қызметкерлер мен кәсіпорын бөлімшелерінің ағымдағы және қорытынды бақылау, бағалау және қызметті түзету |
Қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, техникалық қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеу бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар; жөндеу жұмыстарын жоспарлау әдістері |
Ф 6 |
Жөндеу-пайдалану шығындары, қосалқы бөліктері қызметі мерзімдерінің нормативтері, ауыспалы және тез тозатын бөлшектер номенклатурасы, майлау материалдары шығындарының лимиттері, жабдықтарды техникалық пайдалану нұсқалары, техникалық құжаттамалар, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелері мен регламенттері |
Нормативтік-құқытық актілер, үлгілі нұсқаулықтар және регламенттер, анықтамалық әдебиет, жабдықтарды қызмет көрсетуге техникалық төлқұжат, компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету |
6-1 М Жабдықтарды алдын ала жөндеу бойынша нормативтік, регламенттік материалдарды әзірлеу |
Кәсіби қызметпен байланысты міндеттерді шешудің әртүрлі нұсқаларын жетілдіру және ұсыну |
Жоспарлық-алдын алу жөндеу және технологиялық жабдықтарды ұтымды пайдалану жүйелері, жөндеу жұмыстары технологиясы мен жөндеудің алдыңғы жүйелері, |
Ескертпе: М – мақсат.
«Турбиналық жабдықтарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы |
Келісу күні |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Салалық кеңесі |
29.11.2013 жыл |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
2013 жылғы желтоқсан |
«Ақтөбе жылу электро орталығы «ЖЭО» акционерлік қоғамы |
2013 жылғы қараша |
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы |
2013 жылғы қараша |
Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясы 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2013 жылғы қараша |
«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы |
2013 жылғы қараша |
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
2013 жылғы қараша |
«Теміржолэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2013 жылғы желтоқсан |
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № _________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________________