Зайсан ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 333 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N 682 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Зайсан ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 333 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3183 нөмірімен 2014 жылғы 28 қаңтарда тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 15 ақпанындағы № 13 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі А.Оңдақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады