Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы N 5 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 14 мамырдағы № 156 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылында мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруынан сауығуына байланысты, шектеу-іс шаралары тоқтатылсын.
      2. Күші жойылды деп есептелсін:
      1) Қаратал ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 5 шешімі "Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 01 тамыздағы № 3430, аудандық "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 98-99 санында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Қаратал ауылдық
      округінің әкімі Қ. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады