Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын бұзу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 280 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары бұзылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкенге жүктелсін.
      Облыс әкімі Н.Ноғаев

  2015 жылғы 29 қыркүйектегі №280
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
ҚОСЫМША

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бұзылған және күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. 2007 жылғы 6 қарашадағы №259 "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бұзылсын;
      2. 2007 жылғы 5 желтоқсандағы №290 "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бұзылсын;
      3. 2010 жылғы 11 қазандағы №223 "Облыс әкімдігінің "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы" 2007 жылғы 6 қарашадағы №259 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бұзылсын;
      4. 2010 жылғы 3 қарашадағы №245 "Облыс әкімдігінің "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы" 2007 жылғы 6 қарашадағы №259 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бұзылсын;
      5. 2014 жылғы 3 маусымдағы №137 "Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3572 тіркелген, 2014 жылғы 26 және 31 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      6. 2014 жылғы 3 маусымдағы №138 "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3573 тіркелген,2014 жылғы 24 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      7. 2014 жылғы 9 маусымдағы №153 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3574 тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      8. 2014 жылғы 1 шілдедегі №166 "Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3593 тіркелген, 2014 жылғы 9 тамыздағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      9. 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №259 "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3662 тіркелген, 2014 жылғы 1 қарашадағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      10. 2014 жылғы 11 қарашадағы №287 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3711 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады