Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 32-8 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарының және жарияланған нормативтік құқықтық актілерді ретке келтіру мақсатында Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Л. Турсынова
      Мәслихат хатшысы А. Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 32-8 шешіміне
қосымша

Орал қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда №3391тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтарда, 06 ақпанда, 13 ақпанда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №3, №5, №6; 2014 жылғы 24 қаңтарда, 05 ақпанда, 12 ақпанда "Пульс города" газетінің №3, №5, №6 жарияланған).
      2. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №23-2 "2013 жылғы 24желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда №3511 тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда, 22 мамырда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №19, №20; 2014 жылғы 14 мамырда, 21 мамырда "Пульс города" газетінің №18, №19 жарияланған).
      3. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы №25-2 "2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 тамызда №3606 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда, 21 тамызда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №32, №33; 2014 жылғы 13 тамызда, 20 тамызда "Пульс города" газетінің №31, №32 жарияланған).
      4. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 1 қазандағы №27-2 "2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 қазанда №3645 тіркелген, 2014 жылғы 16 қазанда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №41; 2014 жылғы 15 қазанда- "Пульс города" газетінің №40 жарияланған).
      5. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы №29-2 "2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қазанда №3668 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда, 6 қарашада "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №43, №44; 2014 жылғы 29 қазанда, 5 қарашада "Пульс города" газетінің №42, №43 жарияланған).
      6. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-2 "2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 желтоқсанда №3703 тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда, 18 желтоқсанда, 25 желтоқсанда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №49, №50, №51; 2014 жылғы 10 желтоқсанда, 24 желтоқсанда "Пульс города" газетінің №48, №50 жарияланған).
      7. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №31-2 "2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-6 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда №3727 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Жайық үні-Жизнь города" газетінің №52; 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Пульс города" газетінің №51 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады