Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 2584 "Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысын жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 3224 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №2584 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4001, 24.08.2015 жылы тіркелген, "Жайық үні" газеті №30, 30.07.2015 жылы, "Пульс города" газеті №22, 29.07.2015 жылы жарияланған) қаулысы жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ.Орынғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады