Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 41 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көпжасар ауылдық округі әкімінің "Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінің Базарқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Ауылдық округ әкімі | С. Буранбаев |