Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінің Базарқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 3780 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімінің 13.02.2015 № 4 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округіне қарасты Базарқұдық қыстағы аумағында асыл тұқымды "Абердин-Ангус" мүйізді ірі қара малынан ринотрахеит ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл округ әкімі С. Буранбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады