Жәнібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" № 407 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 183 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" №407 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3766 тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Қуаналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады