Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 01 қазандағы №10-28515 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылдың 13 тамыздағы "Казталов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" №266 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды алу аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері А.Тасжановаға тапсырылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Берденовке жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Н.Құтхожин |