Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 319 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Тасқала ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2009 жылғы 30 наурыздағы № 112 "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №311 "2009 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-91 тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған);

      2) 2009 жылғы 20 мамырдағы № 181 "Тасқала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-94 тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымда "Екпін" газетінде жарияланған).

      Аудан әкімі С.Әлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады