Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 319 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, сонымен қатар мекемелерден түскен сұраныс пен ұсынысқа байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "2009 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 311 қаулысына (мемлекеттік тіркеу N 7-11-82, жарияланған күні 2009 жылы 30 қаңтар N 6-7 аудандық "Екпін" газеті) келесідей толықтырулар енгізілсін:
1) Аталған каулының 1 қосымшасы 21-тармағымен толықтырылсын:
"21. Республикалық мемлекеттік "Қазақавтожолы" кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалы".
2) Аталған қаулының 2 қосымшаның кестесі жаңа редакцияда баяндалып, қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Ә. Жұбанышкалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 112 қаулысымен бекітілген қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, еңбек ақы көлемі және қаржыландыру көздері:
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Еңбек ақы, тенге (айына) | Қаржыландыру көздері |
1 |
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу. | Жалақының ең төменгі мөлшері ағымдағы заңнамамен белгіленеді | Жергілікті бюджет |
2 | Көмекші жұмысшылар болуға: құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен 1, 2 топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына, уақытша және маусымдық жұмыстардың ауыр түрлері | Ағымдағы заңнамамен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 25 % көлемінде қосымша төленсін |