Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 319 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 310 қаулысына (мемлекеттік тіркеу N 7-11-81, 30 қаңтар 2009 жылы N 6-7 аудандық "Екпін" газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
1) аталған қаулының 1 қосымшасы төмендегідей 12-тармағымен толықтырылсын:
12. Бастапқы, орта, жоғары кәсіптік оқу орындарын бітіруші түлектер.
2. "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" N 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қауылысы бұзылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Ә. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі |