Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 304 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала ауданы Тоғайлы ауылы аумағында шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Мерей ауылдық округі әкімінің "Тасқала ауданы Тоғайлы ауылы аумағында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 03 маусымдағы №15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3561 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 20 маусымын "Екпін" газетінің №24 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Мерей ауылдық округінің әкімі | Қ.У.Тәшімов |