"Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 07 желтоқсандағы № 114-2446 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3232) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3250) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      20) тармақша алынып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асыру;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімі әкімдерінің жобаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;".

      2 "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Л.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Астана қаласының әкімі

Ә. Исекешев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады